Ағымдағы жылдың 25 мамыр күні Осакаров ауданы бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурсы аудандық кезеңі Осакаровка кентіндегі «Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебі РО» КММ-де өтті. Конкурсқа жалпы саны 83 оқушы, 10 секция бойынша өз жобаларын қорғады. Жоба өте жоғары деңгейде өтті. Әр секция бойынша 5 адамнан тұратын қазылар алқасы тағайындалды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша ең жоғары ұпай жинап, облыстық кезеңге жолдама алған оқушылар:
Қазақ тілі және әдебиеті секциясы бойынша - Мунашева Милана, 4 сынып («Абай атындағы тірек мектебі РО» КММ), Асылболатқызы Ақбота, 5 сынып («Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебі РО» КММ);
Орыс тілі және әдебиеті секциясы бойынша – Дулат Жансая, 4 сынып («№12 тірек мектебі РО» КММ);
Ағылшын тілі секциясы бойынша – Атрет Жұпар, 5 сынып («№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ);
Математика секциясы бойынша – Джандавлетова Аделия, 4 сынып («№12 тірек мектебі РО» КММ), Дуленцов Александр, 6 сынып («№9 гимназия базасындағы ТМ РО» КММ);
Физика секциясы бойынша – Киселев Арсений, 7 сынып («№12 тірек мектебі РО» КММ);
Тарих, өлкетану секциясы бойынша – Ахметов Абзал, 7 сынып («№9 гимназия базасындағы ТМ РО» КММ);
Этномәдениеттану – Қанат Мунира, 4 сынып («№12 тірек мектебі РО» КММ), Казенова Адия, 6 сынып («Абай атындағы тірек мектебі РО» КММ);
Химия, биология – Губчук Петр, 4 сынып («№28 жалпы білім беретін мектебі» КММ), Дүйсембекова Айару, 5 сынып («№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ);
Медицина, психология, экология секциясы бойынша – Омар Инкар, 4 сынып («Абай атындағы тірек мектебі РО» КММ), Мереке Айару, 5 сынып («Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебі РО» КММ);
Технология және өнер секциясы бойынша – Оңдасынова Айзере, 3 сынып («А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ), Махаури Тамила, 5 сынып («Абай атындағы тірек мектебі РО» КММ).
Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!!!