Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ Сіздің назарыңызға 2022 жылғы 1-31 тамыз аралығында жаңа 2022-2023 оқужылына Осакаров ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына (5 балабақша, 27 шағын орталық) босаған орындарға балаларды қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
«INDIGO – электронды балабақша» АЖ порталында Осакаров ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында электрондық жолдамаларды алу және балаларды қабылдауды сапалы және тиімді жүргізу мақсатында келесі кезеңдерде жүргізілетін болады.
1. 2022 жылдың 1-15 тамыз аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына электрондық жолдамалар беру келесі жастағы балалар үшін жүзеге асырылатын болады:
- 5 жастан 6 жасқа дейін (2016 жылы туған балалар, 2016 жылғы 01 қыркүйегінен 2016 жылғы 31 желтоқсанына дейін туған балалар; 2017 жылы туған балалар, 2017 жылғы 01 қаңтарынан бастап 2016 жылғы 31 тамызына дейін туған балалар).
- 4 жастан 5 жасқа дейін (2016 жылы туған, 2016 жылғы 01 қыркүйегінен 2016 жылғы 31 желтоқсанына дейін туған балалар; 2017 жылы туған, 2017 жылғы 1 қаңтарынан 31 тамызына дейін туған).
- 3 жастан 4 жасқа дейін (2018 жылы туған, 2018 жылғы 01 қыркүйегінен 2018 жылғы 31 желтоқсанына дейін туған балалар; 2018 жылы туған, 2018 жылғы 01 қаңтарынан 31 тамызына дейін туған балалар).
2. 2021 жылғы 15-22 тамыз аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына электронды жолдамалар беру келесі жастағы балалар үшін жүзеге асырылатын болады:
- 2 жастан 3 жасқа дейін (2019 жылы туған, 2019 жылғы 01 қыркүйегінен 2019 жылғы 31 желтоқсанына дейін туған балалар; 2020 жылы туған, 2020 жылғы 01 қыркүйегінен 2020 жылғы 31 тамызына дейін туған балалар).
3. 2022 жылғы 22-31 тамыз аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына электронды жолдамалар беру келесі жастағы балалар үшін жүзеге асырылатын болады:
- 1 жастан 2 жасқадейін (2020 жылы туған, 2020 жылғы 01 қыркүйегінен 2020 жылғы 31 желтоқсанына дейін туған балалар; 2021 жылы туған, 2021 жығы 01 қаңтарынан 2021 жылғы 31 тамызы аралығында туған балалар)