2022 жылғы 05 мамыр Республикалық «Зерде» 2-7 сынып оқушыларының ғылыми жобалары мен шығармашылық жұмыстары байқауының аудандық (қалалық)кезеңі болып өтті. Байқау «Балалар жылы» аясында ұйымдастырылып, аудан мектептерінің 74 оқушы қатыстырылды. Байқау «№9 гимназия базасындағы тірек мектеб (ресурстық орталығы)» КММ базасында өткізілді. Орындалған жұмыс сапасының нәтижесін ескере отырып, қазылар алқасы оқушыларға І,ІІ,ІІІ орын ұсынды:
7 оқушы – І орын иеленгені үшін Диплом;
8 оқушы -ІІ орын иеленгені үшін Диплом;
19 оқушы -ІІІ орын иеленгені үшін Дипломмен марапатталды!!!
Қалған оқушыларға қатысқандары үшін Сертификат берілді.
Байқаудың облыстық кезеңіне аудан бойынша 9 оқушы ұсынылуда.