Осакаров ауданының білім бөлімінің жоспары негізінде 2022 жылдың 16 сәуірінде орыс және қазақ тілдерінде оқытылатын 4-сынып оқушылары арасында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика және жаратылыстану пәндері бойынша «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ базасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Тапқырлар мен ойшылдар-2022» аудандық олимпиадасы өтті.
Сондай-ақ, бастауыш сынып мұғалімдері өздерінің педагогикалық тәжірибелерін қорытындылап, әріптестерімен жұмыстың тиімді әдістері мен тәсілдерімен бөлісті.
Барлық қатысушылар сертификаттармен және грамоталармен марапатталды.