1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
Осакаров ауданының мектептерінде 1-сыныпқа қабылдау «e.bilimal.kz» порталы, сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» «egov.kz» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін Сіздердің назарларыңызға өтінім беру алгоритмін ұсынамыз:
Өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізбесі:
А) баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі.
Б) баланың 3х4 см көлеміндегі фотосуретінің электрондық көшірмесі.
В) №063/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Г) №026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжаттың электрондық көшірмесі.
Д) ПМПК (педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссия) қорытындысы (ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін);
Өтінішке қол қоюдың 2 тәсілі бар:
1-тәсіл-толтырылған өтінішті жүктеп аласыз, оны басып шығару керек, қол қоясыз да сканерлеп тіркеп жіберу керек.
2 тәсіл – ата-ананың (заңды өкілдің) ЭЦҚ көмегімен қол қойып өтінімді жіберу керек;
Ата-аналар (заңды өкілдер) тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, мектеп өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Осы мемлекеттік қызметті алу кезінде сұрақтар туындаса, онда ата-аналар (заңды өкілдері) тұрғылықты жері бойынша мектепке, сондай-ақ «e.bilimal.kz» сайтындағы техникалық қолдау қызметіне «Кері байланыс нысаны» бөлімінде хабарлама қалдыра алады.
1-сыныпқа қабылдау бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) ақпарат Осакаров ауданының білім бөлімі мен жалпы білім беретін мектептердің Facebook, Instagram, Telegram парақшаларында жарияланған, сондай-ақ YouTube каналында https://youtu.be/i1tVb6MoBcA сілтемесі бойынша бейне нұсқаулықты көре алады немесе «e.bilimal.kz» сайтында орналастырылған.