«Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ қамқоршылық және қорғаншылық органының 2021 жылы жүргізілген жұмысының талдауы

Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын «Осакаров ауданының білім бөлімі» ММ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, «Бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 «Мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысын  басшылыққа алады.

Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі органның функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде, асырап алуға мұқтаж, баланы қабылдайтын отбасына беруге, оларға қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге жататын  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады.

2021 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша қорғаншылық пен  қамқоршылықта - 58 бала, патронаттық тәрбиеде – 14 бала бар. 2021 жыл кезеңінде Осакаров ауданынан 9 жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар РДҚ-на есепке қойылды және 3 бала Қарағанды облысының балалар үйлерінен біздің ауданға қайта жолданды.

2021 жылғы кезеңде 15 бала есептен шығарылды, оның 12-сі  жасы бойынша, 1-уі басқа өңірге кетуіне байланысты, 1-уі әке болуды анықтау, 1-уі қамқоршы міндеттерінен бас тартуға байланысты балалар үйіне тапсырылды.

Қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы және патронаттық тәрбиедегі балаларды күтіп-бағуға арналған жәрдемақыларды уақтылы төлеу, сондай-ақ патронат тәрбиешілерге жалақы төлеу мерзімдерінің сақталуына ай сайын бақылау жүргізіледі.

Тұрғын үйге мұқтаж жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды заңды өкілдері болып табылатын тұлғалардың кезекке қою мерзімдері бақыланады. 2021 жылы осы санаттағы 8 бала тұрғын үй кезегіне қойылды. 2021 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілмеді.

Асырап алынған балалар саны - 4: отбасы ішіндегі (туыстық) 2021 жылы – 2 бала; жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 2021 жылы 2 бала.

Қолайсыз отбасылардағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау үнемі жүргізіледі, осы отбасылармен жұмыс міндеттері анықталады: алмастыратын отбасыларға балаларды ресімдеу, балалар үйіне анықтау, қолайсыз отбасылармен профилактикалық жұмыстар жүргізу.

Қорғаншылықтағы және қамқоршылықтағы және патронаттық тәрбиедегі кәмелетке толмаған балалар оқу орны бойынша тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі.

Ата-ана құқықтары шектелген, сондай-ақ басқа да себептер бойынша кәмелетке толмаған балаларды уақытша орналастыру Теміртау қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылады. 2021 жылы осындай 6 бала орналастырылды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы»                                              ҚР Кодексінің 91-баптың 2-тармағының 15-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар отбасына жетім баланы не ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге тілек білдірсе, психологиялық даярлықтан өтуі қажет. Қазіргі уақытта «Асырап алушы ата-аналар мектебі» жобасы іске асырылуда, онда азаматтар 3 айға есептелген толық курстан өтіп, сертификат ала алады.

Ата – ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 2021 жылы                     2 азамат ата-ана құқықтарынан шектелді және 2 азамат ата-ана құқықтарынан айырылды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық деректер банкімен күнделікті жұмыс жүргізілуде. Қорғаншылардан, қамқоршылардан, патронат тәрбиешілерден қамқорлыққа алынған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшалай қаражатты нысаналы пайдалану бойынша, сондай-ақ олардың денсаулық жағдайы туралы қаржылық есептер сұратылады. Осы санаттағы балалардың РДБ деректерін статистикалық жаңарту жүргізіледі.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 12 ай ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органы бала асырап алу, ата-ана құқықтарын шектеу, айыру, бала асырап алудың күшін жою, ата-аналардың балаларымен және басқа да жақын туыстарымен қарым-қатынас жасау тәртібі, кәмелетке толмағандардың тұрғын үй және өзге де құқықтарын қорғау бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты 47 сот талқылауына қатысты.

 

 

 

Жұмысты талдау
Дата публикации
30 декабря 2021