Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру

Жалпы оқыту қорына жергілікті бюджеттен аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды сауықтыруға, тамақтандыруға және киім-кешегіне 145,6 мың теңге бөлінді:

  • Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 1379 баланы тамақтандыруға -109,2 мың теңге. Бір балаға ыстық тегін тамақтануға - 400 теңге/1329 бала, буфеттік тегін тамақтануға - 300 теңге / 50 бала;
  • Аз қамтылған отбасылардан шыққан 50 балаға қала сыртындағы лагерьлерге жолдама сатып алуға 2010,0 мың теңге;
  • 1370 баланы мектеп формасымен қамтамасыз етуге 27400,0 мың теңге;
  • 1370 баланы мектепке қажетті заттармен қамтамасыз етуге 6850,0 мың

 Ауданда 38 мектеп жұмыс істейді, онда 30 асхана және 8 буфет бар.

Оларда тегін ыстық тамақтану, тегін буфеттік тамақтану және ата-ана төлемі есебінен тамақтану ұйымдастырылған. Ыстық тамақ 24 мектепте, буфеттік тамақтану 4 мектепте ұйымдастырылған (бұл мектептердің жалпы санының 74%-ын құрайды). 4419 оқушы тамақтандырумен қамтамасыз етілген, оның ішінде 1379 оқушы тегін жеңілдетілген тамақтандырылады, бұл балалардың жалпы санынан  28% құрайды.

 Перспективалық Ас мәзірі Қазақ тамақтану академиясы бекіткен оқушылардың тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттарға сәйкес құрылған. Мәзір ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 қаулысымен бекітілген білім алушылардың жекелеген санаттары үшін бір реттік тамақтану нормаларына сәйкес келеді (15-қосымша).

Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша бірыңғай нормативтік-құқықтық база жүргізіледі: мектеп директорымен бекітілген мектептің жылдық жұмыс жоспары. "Тамақтандыруды ұйымдастыру туралы", "Бракераж комиссиясын құру туралы" бұйрықтары шығарылған. Тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыс жоспары, мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру туралы Ереже, ағымдағы оқу жылына арналған бракераж комиссиясының жұмыс жоспары әзірленген. Тамақтану сапасына мониторингілеу бойынша бақылауды жүзеге асыру жөніндегі бракераж комиссиясының актілері бар.

Тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі директор жанындағы кеңесте қарастырылады. Білім беру ұйымдарының интернет-ресурстарында "Мектепте тамақтандыру" айдары бар, онда білім алушылармен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ақпарат жүйелі түрде жарияланып отырады.

Мектеп әкімшілігі оқушылардың сапалы теңдестірілген тамақтануын қадағалайды. Медицина қызметкерлері дайын және шикі өнімнің бракераж журналына, асхана қызметкерлерінің денсаулық журналына тіркеп жазып отырады. Балалардың тамақтануында тыйым салынған тағамдар тұтынылмайды.

    Оқу жылы бойы мектептердің медицина қызметкерлерімен "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі", "Дұрыс тамақтану Әліппесі",  "Біз фаст-фудқа қарсымыз» тақырыптарында әңгімелесулер үнемі өткізіліп отырады. 

Сынып жетекшілері "Күн тәртібі және оның мәні", "Тамақтану мәдениеті", "Өткір ішек аурулары және оларды алдын алу" және т.б. тақырыптар бойынша сынып сағаттарын өткізеді.

 

Документы
Бұйрық
17 сентября 2026
Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тасымалдау
Бұйрық
17 сентября 2026
Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тамақтану
Бұйрық
16 сентября 2025
Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Тамақтануды ұйымдастыру жөніндегі бұйрық
Новости
Полезные материалы
Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы