
Тәрбие жұмысы Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру негізгі мақсаты болып табылады. 2020 жылдың I жартыжылдығы пандемияға байланысты бірінші тоқсанда 10 мектеп, екінші тоқсанда 5 мектеп қашықтықтан оқытылды. Барлық мектептер онлайн және оффлайн сыныптан тыс іс-шараларға, семинарларға, конкурстарға қатысты.
Аудандық орталық аурухана басшысы Травнева О.Н келісімімен білім бөлімінің басшысы Ақмағанбетова А.Ы «Салауатты өмір салты» жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес барлық мектептерде таңертеңгілік жаттығу және су ішу режімі қалыптасты.
2020 жылдың қыркүйек айында Білім Басқармасының жіберген хатына сәйкес барлық орта мектептерде Балалар Өкілеттілігі құрылып , қазан айында №1 тірек мектебінің оқушысы Әкімжан Зере көшбасшылық танытып, қараша айында ҚР Білім және ғылым министірлігінің бұйрығымен Республикалық Балалар Өкілеттілігінің қатарына енді.
20 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған жоспар бекітіліп, «Аялайық баланы» атты челленджге ауданымыздың 3 мектебі қатысып облысқа өтті.
COVID-19 инфекциясының алдын-алу бойынша қазан айының 17-30 аралығында жоспарға сай іс-шаралар өтті, қорытындысы әлеуметтік желілерге жүктелді.
Күзгі каникул мектептерде жоспарға сай бекітілді. Оқушылар тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша іс-шаралар өткізді.Кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша «Мамандық әлемінде» тақырыбында Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат, экологиялық бағыт бойынша ЭкоАсар акциясы, еріктілік бағыты бойынша «Біргеміз:сабақтастық» Волонтерлер көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын берді, «Дарындылар әлемі» атты тікелей эфирде ZOOM конференциясы арқылы концерт өтті. «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» тақырыбында танымал спортшылармен онлайн кездесулер, «Өзінді қорға» құқық ұйымдарымен онлайн кездесулер ұйымдастырылды.
«Ұшқыр ой алаңы» жобасының негізінде ауданымыздың 35 мектебінде директордың бұйрығымен дебаттық клуб ашылып, жауапты маман тағайындалды.
Патриоттық тәрбие бағытында «ЖАС ҰЛАН» және «ЖАС ҚЫРАН» ұйымына оқушылар қабылданды.
Экологиялық бағыт бойынша «ОӘО» ұйымдастыруымен EcoTruck онлайн сабақ оқушылар арасында өтті.
Ауданымыздың 24 мектебінде мұражай жұмысы жүргізілуде, 16 желтоқсан күні №2 Есіл мектебінде «Көненің көзі тарихтың өзі атты» экспозициялық- көрме мұражайы ашылды.
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған жоспар құрылып, барлық мектептерде сынып сағатында «Тәуелсіздіктің 7 қыры» көркемдік фильм көрсетілді. Сурет көрмесі, дөңгелек үстел, кітап көрмесі, конференциялар өтті.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған жоспар бекітіліп сынып сағаттар, онлайн конкурстар, сурет көрмесі, патриоттық әндер мен өлеңдерді мәнерлеп оқудан челлендж, жас мамандар форумы, конференциялар өтті.
2020 жылдың 24 желтоқсанында ҚР Президентінің атынан өтетін облыстық шыршаға «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» тақырыбында ауданымыздан 5 оқушы, 25 желтоқсанда аудандық шыршаға онлайн форматта 60 оқушы қатысады.