2026 жылғы 20 қазанда Нұра кентіндегі «Болат Әбдікәрімов атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК базасында ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушыларына арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға көмектесу және жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсыну.
Кездесу барысында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің, Қарағанды индустриялық университетінің, Қарағанды «Болашақ» академиясының және Астана қаласындағы Esil University-дің өкілдері білім беру бағдарламалары мен сұранысқа ие мамандықтар, мемлекеттік білім беру гранттары, Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ), шекті балдар, оқуға түсу кезіндегі жеңілдіктер мен арнайы квоталар туралы кеңінен мәлімет берді.
Сонымен қатар оқушылар университеттердің материалдық-техникалық базасымен, студенттік өмірімен, білім алу мүмкіндіктерімен және болашақта кәсіби дамуға жол ашатын бағыттармен танысты. ЖОО өкілдері түлектердің сұрақтарына жауап беріп, мамандық таңдау мен жоғары оқу орнына түсуге қатысты маңызды кеңестерімен бөлісті.
Мұндай кездесулердің маңызы зор! Себебі дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың негізі. Оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастыру, қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдауына қолдау көрсету – өскелең ұрпақтың табысты болашағына бастайтын маңызды қадам.
Іс-шараға қатысқан мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандықтарын таңдауда сенімділік, алға қойған мақсаттарына жетуде табыс тілейміз!
#АшықЕсікКүні
#КәсібиБағдар
#БолашақМамандық
#МамандықТаңдау
#НұраАуданы
#БілімБолашағы
«Нұра ауданының білім бөлімі» әдістемелік кабинет меңгерушісі Сейфуллина Д.С ұйымдастыруымен мектеп директорларының қатысуымен «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс отырысы өткізілді.
Отырыс барысында білім алушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандық сауаттылықты дамыту және кітап оқуды күнделікті өмір салтына айналдыру мәселелері талқыланды.
📖 Кездесу аясында:
🔹 Жобаны білім беру ұйымдарында жүйелі іске асыру;
🔹 Мектеп кітапханаларының жұмысын жандандыру;
🔹 Оқушылар арасында кітап оқу сағаттарын, оқырмандық байқаулар мен әдеби кездесулерді ұйымдастыру;
🔹 Отбасы мен мектептің бірлескен оқу мәдениетін дамыту;
🔹 Оқушылардың кітап оқу белсенділігін бақылау және тиімді тәжірибелерді тарату мәселелеріне назар аударылды.
Мектеп директорларына жобаны сапалы жүзеге асыру, білім алушыларды көркем әдебиет оқуға ынталандыру және мектепте оқуға құштар орта қалыптастыру бағытында нақты міндеттер жүктелді.
✨ Кітап оқу – білімнің бастауы, рухани дамудың негізі және ұлт болашағына салынған инвестиция!
Бірге оқиық, бірге дамыйық, кітап оқитын ұлт қалыптастырайық!
#КітапОқитынҰлт #НұраАуданыБілімБөлімі #ОқуМәдениеті #КітапОқу
2026 жылғы 14 қазанда Нұра ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала қауіпсіздігі – отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі» тақырыбында жалпыаудандық ата-аналар жиналысы онлайн форматта өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру және мектеп пен отбасы арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Кездесу барысында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігі, денсаулығын сақтау, цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық, кибербуллингтің алдын алу және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, «Бір оқушы – бір ваучер» жобасы бойынша ата-аналарға түсіндірме берілді.
Жиналысқа Нұра ауданының білім беру ұйымдарының өкілдерімен қатар, полиция, денсаулық сақтау, қосымша білім беру ұйымдары және төтенше жағдайлар саласының мамандары қатысты. Бала қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет. Баланың жан-жақты дамуы мен амандығы үшін отбасы, мектеп және қоғам бірлесе әрекет етуі қажет.
Бала тәрбиесі – бір күннің немесе бір мекеменің жұмысы емес. Бұл – күнделікті назарды, мейірімділікті, түсіністікті және бірлескен әрекетті қажет ететін маңызды міндет. Әрбір бала – жеке тұлға. Оның бойындағы қабілетті ашу, сенімін нығайту, дұрыс бағыт беру және болашағына жол ашу – бәрімізге ортақ міндет.
#НұраАуданы
#БалаҚауіпсіздігі
#АтаАнаЖауапкершілігі
#МектепПенОтбасы
#БілімБөлімі
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
Нұра ауданының білім бөлімі барша білім алушыларды, ұстаздарды, ата-аналар мен мектеп кітапханашыларын «Оқы да, қуан!» акциясына белсенді қатысуға шақырады!
📅 20–24 қазан 2026 жыл
Акцияның басты мақсаты – кітап оқуды қызықты әдетке айналдыру, оқырмандық белсенділікті арттыру, балалар әдебиетін насихаттау және оқыған шығарма арқылы өз ойыңды еркін жеткізуге үйрету.
📖 Акция аясында:
🔹 «Кітаппен өткен қуанышты минуттар» – 5 минуттық
дауыстап оқу;
🔹 🎬 буктрейлерлер мен подкасттар байқауы;
🔹 📚 «Кітапқа екінші өмір сыйла» – буккроссинг;
🔹 🗣️ «Әдеби ринг / Дебаттар»;
🔹 🧠 КВИЗ, брейн-рингтер және интеллектуалдық ойындар;
🔹 🎭 «Автормен / кейіпкермен сұхбат» – шығармашылық
қойылымдар.
🌟 Кітап оқы – ойыңды шыңда!
Кітап оқы – қиялыңды дамыт!
Кітап оқы – қуанышқа бөлен!
📚 «Оқы да, қуан!» акциясына бірге қатысайық!
Салтанатты жиын әсерлі музыкалық композициялармен басталып, оқушылар ұстаздарға гүл шоқтарын табыстады. Ұстаздардың күнделікті еңбегі мен шәкірттерінің жетістіктерін бейнелейтін бейнероликтер мерекелік шараның мазмұнын аша түсті.
Аудан әкімі Мұқанов Бақытжан Мылтықбайұлы ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім саласының дамуына, педагогтердің кәсіби өсуіне және жас ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған өлшеусіз еңбектеріне алғысын білдірді.
Мерекелік жиын барысында бірқатар білім саласының қызметкерлері Қарағанды облысы білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына, сондай-ақ Нұра ауданы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарына ие болды.
Ерекше құрмет ауданымыздың ардагер ұстаздарына көрсетілді. Ұстаздық жолын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ардагерлерге ізет білдіріліп, олардың көп жылғы еңбегі мен кәсіби тәжірибесі білім саласының алтын қоры ретінде атап өтілді.
Мерекенің ерекше бөлігінің бірі – ауданның үздік педагогтерін арнайы номинациялармен марапаттау рәсімі болды. Ұстаздарға «Цифрлық әлемнің үздігі», «Әдістемелік қолдаудың үздігі», «Шәкірт жүрегіндегі ұстаз», «Ұжымның ұйытқысы», «Жеңіске жетелеген ұстаз», «Дарынға жол ашқан ұстаз», «Ізгілік пен өнегенің үлгісі», «Шәкірт жетістігінің шебері», «Жалынды патриот ұстаз», «Жаңашыл педагог», «Мейірім мен жылулық иесі» сынды номинациялар табысталды.
Ұстазға деген құрмет әнмен өріліп, мерекелік кеш аудандық музыка мектебі өнерпаздарының орындауындағы «Ұстазым» әнімен жалғасты.
Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасып, ұстаздарға арналған әндер шырқалды.
Ұстаз еңбегі – ұлы еңбек!
Әр шәкірт жетістігінің артында – ұстаздың маңдай тері, жүрек жылуы мен өлшеусіз еңбегі бар.
Қадірлі ұстаздар! Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!
#ҰстаздарКүні
#ҰстазҰлтБолашағы
#НұраАуданы
#ҰстазғаҚұрмет
#БілімБеругеҚұрмет
#ҰстазЕңбегі
От всей души поздравляю вас с Днём учителя!
Труд учителя оставляет след в жизни каждого ребёнка. Вы помогаете ученикам получать знания, раскрывать способности, верить в себя и выбирать свой путь. За каждым их достижением стоят ваши внимание, терпение и ежедневная работа.
Благодарю педагогов организаций образования Нуринского района за преданность профессии и заботу о детях. Желаю успехов молодым специалистам и выражаю особую признательность ветеранам, посвятившим многие годы делу образования.
Пусть вас радуют успехи учеников и благодарность родителей. Желаю вам крепкого здоровья, благополучия, сил и вдохновения для новых профессиональных достижений!
С Днём учителя!
С уважением,
Руководитель отдела образования Нуринского района
Д.Ж. Такишев
2 қазан күні Нұра ауданының мектептерінде 3–4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының мектеп кезеңі өтті.
Зияткерлік сайысқа Нұра ауданының 22 мектебінен 286 оқушы қатысты. Жас математиктер өздерінің логикалық ойлау қабілетін, математикалық сауаттылығын, тапқырлығы мен білімін сынап, өзара бақ сынасты.
Мектеп кезеңінің қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар олимпиаданың аудандық кезеңіне жолдама алады. Ал аудандық кезеңнің жеңімпаздары келесі кезеңде Нұра ауданының намысын облыстық деңгейде қорғайтын болады.
✨ Әрбір кезең жаңа мүмкіндікке жол ашсын! Білім мен табандылық, ізденіс пен өз күшіне деген сенім жас математиктерімізді биік белестерге жетелесін!
Барлық қатысушыларға олимпиаданың келесі кезеңдерінен сәтті өтулеріне тілектеспіз!
Жеңіске ең мықтысы жетсін! 🏆
.@oqu_agartu_ministrligi
@_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg
@biliboliminura
2026 жылдын 01 қазан күні білім бөлімінің жоспары боынша 2026-2027 оқу жылының «Ұлттық мектеп лига» Бес асықтан 5-6,7-8,9-11 сынып оқушыларының, аудандық ақтық кезеңі Нұра кентінің «Жастар» спорт кешенінде қыздар арасында әр мектептін оқушылары қатысты.
Жарыстың қортындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында жүлделі орын алғандар: 1-орын М.Жұмабаев атындағы ЖББМ-Г
2-орын А.Асылбеков атындағы ЖББМ
3-орын Ы.Алтынсарин ат.тірек мектебі (ресурстық орталығы)
7-8 сыныптар арасында
1-орын Ы.Алтынсарин ат.тірек мектебі (ресурстық орталығы)
2-орын М.Жұмабаев ат ЖББМ-Г
3-орын М.Сүлейменов ат.тірек мектебі (ресурстық орталығы)
9-11 сыныптар арасында
1-орын Ы.Алтынсарин ат.тірек мектебі (ресурстық орталығы)
2-орын М.Дулатұлы атындағы ЖББМ
3-орын А.Асылбеков атындағы ЖББМ
Жеңімпаз командалар Білім бөлімінің кубогы және медальд дипломдарымен марапатталды. 1-орын алған командалар қазан айында облыстық мектеп лига жарысына қатысады.
2026 жылдын 01 қазан күні білім бөлімінің жоспары боынша 2026-2027 оқу жылының «Ұлттық мектеп лига» Асық атудан 5-6,7-8,9-11 сынып оқушыларының, аудандық ақтық кезеңі Нұра кентінің «Жастар» спорт кешенінде ұлдар арасында әр мектептін оқушылары қатысты.
Жарыстың қортындысы бойынша 5-6 сыныптар арасында жүлделі орын алғандар: 1-орын Қарой ЖББМ
2-орын М.Сүлейменов ат. тірек мектебі (ресурстық орталығы)
3-орын Нұра ЖББМ
7-8 сыныптар арасында
1-орын М.Сүлейменов ат. тірек мектебі (ресурстық орталығы)
2-орын Нұра ЖББМ
3-орын Қарой
9-11 сыныптар арасында
1-орын Нұра ЖББМ
2-орын А.Асылбеков ат ЖББМ
3-орын М.Сүлейменов ат.тірек мектебі (ресурстық орталығы)
Жеңімпаз командалар Білім бөлімінің кубогы медаль дипломдарымен марапатталды. 1-орын алған командалар қазан айында облыстық мектеп лига жарысына қатысады.