«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына негізінде және қоғамдағы ұстаз беделін көтеру, кәсіби
шығармашылығын қолдау және педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2023 жылғы 2
маусымдағы №157, 2022 жылғы 9 тамызындағы №355 бұйрықтарының
қосымшасына сәйкес қатысушы педагогтердің конкурстық материалдары https://uzdikustaz-nobd/edu.kz/#/sign-in сайты арқылы 2025 жылғы 17 шілдеге дейін қабылдансын;
2. «Үздік педагог - 2025» атағын беру Конкурсының І ауылдық кезеңін педагогтерінің құжаттарын бағалау үшін комиссия құрамы бекітілсін (Қосымша №2):
3. Конкурсының І кезеңін қорытындылары ағымдағы жылдың 28 шілдеге дейін жариялансын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Бөлім басшысының м.а. Г.Ахметова