Тамақтану сапасына бақылау жасау және мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының бекітілген кестесіне сәйкес 2021 жылдың 22-23 қараша аралығында Нұра ауданының Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебі (РО), М.Жұмабаев атындағы ЖОБМ, Қарой ЖОБМ, Ш.Уәлиханов атындағы ЖОБМ және Ә.Бөкейхан ЖОБМ тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді. Тексерістің басты міндеті мектептің бракераждық комиссиясының қызметін бақылау және мектеп әкімшілігі мен мектеп асханасын жалға алушы тарапынан мектеп оқушыларының тамақтануын тиімді ұйымдастыруға шаралар қолдану болды. Тексеріс барысында құжаттар зерделенді, барлық қажетті құжаттар (СЭС қорытындысы, жеткізілетін тауарлардың сапа сертификаттары, аспаздардың біліктілігін растайтын құжаттар болуы) тексерілді. Мониторинг тобының мүшелері дайындалған тағамның сапасын, тамақтың дайындалу сәйкестігін тексерді. Бірқатар ұсыныстар берілді.