2021жылдың 9 қыркүйекте Нұра ауданының білім бөлімінің жоспарына сәйкес Кертінді ауылы «Мүташ Сүлейменов атындағы Тірек мектебі (ресурс орталығы)» ұйымдастыруымен жерлесіміз Даңқ орденінің толық иегері Мүташ Сүлейменовтың 100 жылдығына орай «Ерлік шежіресі – ұрпаққа ұлағат» тақырыбында тарихшылардың аудандық семинары ZOOM платформасы негізінде өткізілді. Семинарға аудандық білім бөлімінің мамандары, тарихшылар, аудан мектептерінің оқушылары және Нұра ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Абишев Азамат Каиргельдинович, аудандық орталық кітапхананың өкілдері қатысты.
информацияДата публикации
21 сентября 2021