Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 18–19 тамыз күндері Нұра ауданындағы білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді.

📌 2026 жылғы 18 тамызда мониторинг келесі білім беру ұйымдарында жүргізілді:

* Мынбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
* Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
* Сүлейменов атындағы жалпы білім беретін мектеп (ресурстық орталық)
* Пушкин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
* Талжанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
* Р. Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектеп
* С. Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп

📌 2026 жылғы 19 тамызда мониторинг:

* Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте (ресурстық орталық)
* М. Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназияда
* Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектепте
* Балалар өнер мектебінде
* Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында
* «Балбөбек» балабақшасында
* «Алтын дан» балабақшасында жүргізілді.

Мониторинг барысында ғимараттар мен аумақтардың жағдайы, инженерлік жүйелердің дайындығы, өрт және жалпы қауіпсіздік, оқу кабинеттерінің дайындығы, санитариялық-тұрмыстық жағдайлар, қолжетімді орта, сондай-ақ қажетті құжаттардың болуы назарға алынды.

Анықталған кемшіліктер мен ескертулер бойынша жауапты тұлғалар мен оларды жою мерзімдері белгіленеді.

Мониторингтің негізгі мақсаты – жаңа оқу жылын қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

Фотоотчет
Дата публикации
24 августа 2026