2026 жылғы 19 қазан күні жалпы білім беретін мектептердің 5–11-сынып оқушылары арасында облыстық «Кәкімбек оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқау үш номинация бойынша ұйымдастырылып, оқушыларға ақынның шығармашылық мұрасын насихаттауға, әдеби қабілеттері мен шығармашылық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Байқау қорытындысы бойынша төмендегі оқушылар жүлделі орындарға ие болды.
I. «Сыршыл ақын» номинациясы бойынша:
🏅 I орын – Қалан Раяна, «Парасат» мектеп-лицейі;
🥈 II орын – Жәнібек Айжұлдыз, «Парасат» мектеп-лицейі;
🥉 III орын – Тастан Айлана, №3 Бескөл орта мектебі.
II. «Қазақтың қыран құстай Кәкімбегі» номинациясы бойынша:
🏅 I орын – Сәлік Адия, «Парасат» мектеп-лицейі;
🥈 II орын – Тахирбекова Азаль, Шаховское орта мектебі;
🥉 III орын – Айдархан Айдана, Новокаменка орта мектебі.
III. «Сұлу сазға сұранған» номинациясы бойынша:
🏅 I орын – Муратбекова Сезім, «Бәйтерек орта мектебі» КММ.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушыларға аудандық дипломдар табысталды.
Оқушыларды байқауға жоғары деңгейде дайындап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға үлес қосқан ұстаздарға кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және еңбегі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыстарға, биік белестер мен жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!
Қызылжар ауданында «МОДО нәтижелері мен мектепішілік мониторинг негізінде білім сапасын арттыру» тақырыбында аудандық әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Әдістемелік кеңес жұмысына ауданның 38 мектебінің өкілдері қатысты.Іс-шараның мақсаты – білім сапасын арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін МОДО нәтижелері мен мектепішілік мониторинг деректерін талдау бойынша мектептердің бірыңғай жұмыс алгоритмін айқындау.
Отырыс барысында мынадай мәселелер қарастырылды:
-«МОДО нәтижелері – білім беру үдерісін жетілдірудің негізі». спикер – АӘК әдіскері Т. К. Ережепов; «Аттестаттаудың пилоттық жобасы: орта білім беру ұйымы педагогінің цифрлық бейінін қалыптастыру». спикер – АӘК меңгерушісі А. М. Жунуспаева; «Педагог қызметкерлерді аттестаттауды ұйымдастыру: негізгі талаптар мен практикалық ұсынымдар». спикер – «Налобин орта мектебі» КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Л. А. Зонова; «Қызылжар ауданының мектептерінде “Сапаны сақтау” жобасын іске асыру». Спикер – АӘК әдіскері Т. К. Ережепов; «Педагогтер мен білім алушылардың олимпиадалар мен конкурстарға қатысу мониторингі». Спикерлер – АӘК әдіскерлері. Отырыс барысында 38 мектептің өкілдері білім сапасын арттыру, мектепішілік мониторинг жүйесін жетілдіру және МОДО нәтижелерін тиімді пайдалану мәселелерін талқылады. Педагогтерге атаулы әдістемелік қолдау көрсетуге, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және білім беру нәтижелерін жүйелі талдауға ерекше назар аударылды.
Аудандық әдістемелік кеңес кәсіби тәжірибе алмасу және мониторинг нәтижелерімен жұмыс істеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру алаңына айналды. Кездесу қорытындысы бойынша ауданның білім беру ұйымдары қызметінің алдағы басым бағыттары айқындалды.
2026 жылы 12 қазан күні «Бескөл мектеп-колледж» ЖШС кешенінде жалпы білім беретін 8-11 сыныптар оқушылар арасында «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ ұйымдастыруымен облыстық «Дауылпаз баба- Қожаберген» атты байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқау 4 номинацияны қамтыды. Аудандық кезеңінде оқушыларымыз үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды
🏅 Қуантай Нұрай – «№2 Бескөл орта мектебі» КММ I орын
Москалева Мария – «Большая малышка орта мектебі» КММ II орын
Абдикасым Көркем- «Подгорное НМ» КММ III орын
🏅 Раджабова Каусар – «№2 Бескөл орта мектебі» КММ I орын
Мүрсәлім Айсұлу – «Озерное орта мектебі» КММ II орын
🏅 Тахирбекова Азаль– «Шаховское орта мектебі» КММ I орын
Алимкул Бейбарыс – «Чапаево негізгі мектебі» КММ II орын
🏅 Омар Мирас– «Парасат» мектеп-лицейі КММ II орын
Байқауға қатысқан оқушыларға аудандық дипломдар мен сертификаттар табысталды.📚 Оқушыларды байқауға дайындаған жетекшілеріне алғыс айтамыз.
👏 Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер!
7–9 қазан аралығында ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өтуде.
Олимпиада дарынды оқушыларды анықтау мен қолдауға, олардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға және пәндерді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Қатысушылар жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша тапсырмаларды онлайн платформада компьютер арқылы орындайды.
Барлық қатысушыларға сәттілік, өз күштеріне сенімділік және жоғары нәтижелер тілейміз! Білімге деген құштарлық пен табандылық әр оқушының өз қабілетін танытып, жаңа жетістіктерге жетуіне жол ашсын!
6 қазан күні аудандық Мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз – ұлы есім!» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кездесу аудан мектептерінен келген 300-ден астам педагогтердің басын қосты.
Бағдарламаның басты сәті марапаттау рәсімі болды. Жоғары кәсіби шеберлігі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге қосқан айтарлықтай үлесі үшін үздік педагогтер СҚО әкімдігі Білім басқармасының, Қызылжар ауданы әкімінің, СҚО Білім саласындағы бақылау департаментінің және «Әділет» партиясының құрмет грамоталарымен әрі алғыс хаттарымен марапатталды.
Мереке барша педагогтерге көтеріңкі көңіл-күй мен ыстық ықылас сыйлаған жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды.
Ауданның барлық мұғалімдерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отыра, сіздерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілейміз!
Республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінде жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды құттықтаймыз!
«Шешендік, білгірлік» бағыты бойынша:
🥈 II орын – Қайырлы Медина, «Парасат» мектеп-лицейі КММ, 9-сынып, Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арыкова Эльвира Ерсаиновна
«Ұлттық аспапта өнер көрсету» бағыты бойынша:
🥉 III орын – Тешебаев Алпамыс, «Қызылжар Абай орта мектебі» КММ, 8-сынып, Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жукенова Баянды Булатовна
Жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға өнерге деген талпыныстары, белсенділігі мен шығармашылық ізденістері үшін алғыс білдіреміз!
Алдағы байқауларда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
2026 жылғы 30 қыркүйек күні «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ «№2 Бескөл орта мектебі» КММ-де мектеп кітапханашыларына арналған «Жасанды интеллекттен шынайы құндылықтарға: жаңа буын кітапханасының қызметі» тақырыбында аудандық семинар ұйымдастырды.
Семинардың негізгі мақсаты – жасанды интеллект мүмкіндіктерін кітапхана жұмысында тиімді пайдалану, заманауи цифрлық құралдар арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапханашылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
Іс-шара барысында кітапхананың дәстүрлі қызметін заманауи технологиялармен ұштастыру, жасанды интеллект құралдарын шығармашылық және ағартушылық бағытта пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинарда «Вагулино орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Кецкало Диана Юрьевна өз тәжірибесімен бөлісіп, кітапхана қызметінде жасанды интеллектті қолданудың тиімді жолдарын көрсетті. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, жасанды интеллект көмегімен кітапханалық іс-шараларға идеялар әзірлеу, ақпараттық және көрнекі материалдар дайындау, оқырмандарды кітап оқуға қызықтырудың жаңа тәсілдерімен танысты.
Семинар барысында кітапханашылар өзара тәжірибе алмасып, цифрлық технологияларды кітапхана жұмысына енгізудің мүмкіндіктерін талқылады.
Семинар мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған форматта өтіп, қатысушыларға жаңа идеялар мен практикалық дағдылар берді.
2026 жылғы 29 қыркүйек күні «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» бағдарламасы және «СҚО – оқитын өңір» жобасы аясында «Кітап оқыған озар» атты әдеби қонақжай өтті.
Тағылымды шараға ауданымыздың қаламгерлері, ақын-жазушылары — Зейнеп Тәнібаева, Зағифа Ахметова, Серік Өтепбергенов, Аманжол Зағыпар, Баянды Жүкенова және кітапхананың белсенді оқырманы Сапуан Жиентаев арнайы шақырылды.
Әдеби қонақжайға аудан орталығындағы мектеп оқушылары, ұстаздар мен кітапханашылар қатысып, қаламгерлермен еркін пікір алмасып, әдебиет пен кітап оқудың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісті. Қонақтар өздерінің шығармашылық жолдары, әдебиетке деген қызығушылықтары мен оқырманға ой салатын туындылары жайында әңгімеледі.
Іс-шара барысында «Кітап оқитын ұлт» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Қатысушыларға қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармалары, көркем әдебиеттер мен кітапхана қорындағы құнды басылымдар таныстырылды.
Кездесу барысында кітап оқудың рухани және танымдық маңызы кеңінен насихатталып, жас оқырмандарды көркем әдебиетке қызықтыруға бағытталған мазмұнды әңгімелер айтылды.
Әдеби қонақжай оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, туған жерден шыққан қаламгерлердің шығармашылығын кеңінен танытуға мүмкіндік берген тағылымды кездесу болды.
2026 жылы 11 қыркүйек күні ағылшын тілі мұғалімдерінің қауымдастығының отырысында 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланып, алдағы оқу жылындағы негізгі жұмыс бағыттары айқындалды.
Отырыс барысында Әдістемелік-нұсқау хаттың негізгі бағыттары, нормативтік-құқықтық құжаттар мен оқу бағдарламалары зерделеніп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар қауымдастықтың жұмыс жоспары келісіліп, нақтылау жұмыстары жүргізілді және 2026–2027 оқу жылына жоспарланған іс-шаралардың көлемі мен тізбесі қарастырылды.
Отырыс қорытындысында ағылшын тілі пәнін оқыту сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуын қолдауға және тәжірибе алмасуға бағытталған жұмыс жоспарының негізгі басымдықтары белгіленді.