Меню

Страницы

Статья

Қызылжар ауданының мектептерін цифрландыру - 2026 ж.

Қызылжар ауданында 39 мектеп, 5 балабақша және 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Барлық ұйымдар телефон байланысымен қамтамасыз етіліп, кең жолақты интернет желісіне қосылған: оның ішінде 7 мектеп StarLink спутниктік технологиясы арқылы 150 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен интернетке қосылған, 21 мектеп талшықты-оптикалық байланыс желісі (ТОБЖ) технологиясы арқылы 20 Мбит/с-тен 100 Мбит/с-ке дейінгі жылдамдықпен интернетке қосылған (оның ішінде 10 мектеп – 80 Мбит/с жылдамдықпен). 10 мектеп радиорелелік желі (РРЖ) технологиясы арқылы 20 Мбит/с-тен 80 Мбит/с-ке дейінгі жылдамдықпен қосылған. «Долматова негізгі мектебі» КММ LTE 4G технологиясы арқылы 20 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған.

Балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары ADSL технологиясы арқылы 8 Мбит/с жылдамдықпен интернетке қосылған. «BilimClass» электрондық журналы ауданның барлық 39 мектебінде қолданылады.

Аудан орталығындағы 3 мектепте және «Бәйтерек орта мектебі» КММ «Интегро: Білім беру» жүйесі (турникеттер, «E-асхана», «E-кітапхана» модульдері) орнатылған. «Робототехника» элективті курсы екі жекеменшік мектепте және «№2 Бескөл орта мектебі» КММ оқытылады, жалпы қамтылған оқушылар саны – 90, робототехника бойынша 12 жинақ бар.

Ауданның 29 мектебінде жаңа үлгідегі 118 кабинет бар, оның ішінде:

– физика кабинеттері — 21;

– химия кабинеттері — 20;

– биология кабинеттері — 21;

– лингафондық-мультимедиялық кабинеттер (ЛМК) — 22;

– информатика кабинеттері — 3;

– география кабинеттері — 3;

– логопед кабинеті — 1;

– қазақ тілі кабинеттері — 4;

– STEAM кабинеттері — 2;

– ағылшын тілі кабинеті — 1;

– психолог кабинеті — 1;

– еңбек кабинеттері — 5 (ұлдарға арналғаны – 3, қыздарға арналғаны – 2);

– инклюзия кабинеті — 1;

– КПП кабинеттері — 2;

– бастауыш сынып кабинеттері — 6;

– АӘД кабинеті — 1;

– тарих кабинеті — 1;

– телестудия кабинеті — 1;

– математика кабинеттері — 2.

Білім беру процесінде 2559 компьютер мен 185 планшет пайдаланылуда, бұл 3 оқушыға 1 компьютерден келеді.

Сонымен қатар, 34 мектепте 93 интерактивті панель, 81 интерактивті жабдық жиынтығы және 145 мультимедиялық жабдық жиынтығы бар, барлығы толықтай жұмыс істейтін және жарамды жағдайда.

Ауданның барлық 39 мектебі «BilimLand» білім беру платформасына онлайн режимде қосылған. Мектептердің, балабақшалардың және қосымша білім беру ұйымдарының барлық сайттары ҚР БҒМ 2020 жылғы 2 наурыздағы №79 бұйрығына сәйкес келеді, яғни edu.kz хостингінде орналастырылған.

Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
13 мая 2026
Тип

Сейчас читают

13 августа 2026
Медиа-жоспар «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының іс-шараларын жариялау бойынша
13 мая 2026
Қызылжар ауданының мектептерін цифрландыру - 2026 ж.
13 мая 2026
«Боз Қарағай орманы» балалар денсаулығын жақсарту лагері» МКҚК

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы