Меню

Страницы

Статья

Қызылжар ауданы мектептерін цифрландыру (2025 жыл)

Қызылжар ауданында 39 мектеп, 5 балабақша (ясли-бақша) және 3 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Барлық ұйымдар телефон байланысымен қамтамасыз етілген және кеңжолақты интернетке қосылған. Оның ішінде 8 мектеп StarLink спутниктік технологиясы арқылы интернетке қосылған (жылдамдығы 150 Мбит/с-қа дейін), 21 мектеп талшықты-оптикалық байланыс желісі (ВОЛС) арқылы интернетке қосылған (жылдамдығы 20 Мбит/с-тен 100 Мбит/с-ке дейін, оның ішінде 9 мектеп — 80 Мбит/с жылдамдықпен). 9 мектеп радиорелейлік желі (РРЛ) технологиясы арқылы интернетке қосылған (жылдамдығы 20–80 Мбит/с). «Долматова орта мектебі» КММ LTE 4G технологиясы арқылы интернетке қосылған, жылдамдығы 20 Мит/с және одан жоғары.

Балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары ADSL технологиясы арқылы интернетке қосылған, жылдамдығы 8 Мбит/с. «BilimClass» электрондық журналы ауданның барлық 39 мектебінде қолданылады.

Аудан орталығындағы 3 мектепте және «Бәйтерек орта мектебінде» КММ «Интегро: Білім» жүйесі (турникеттер, «Е-асхана», «Е-кітапхана» модульдері) орнатылған. «Робототехника» элективті курсы екі жекеменшік мектепте және «№2 Бескөл орта мектебі» КММ де оқытылады, жалпы қамтуы — 90 оқушы, 12 робототехника жиынтығы бар.

Ауданның 29 мектебінде жаңа үлгідегі 118 кабинет бар, оның ішінде: физика кабинеттері — 21, химия — 20, биология — 21, ЛМК — 22, информатика — 3, география — 3, логопед кабинеті — 1, қазақ тілі кабинеттері — 4, STEAM кабинеттері — 2, ағылшын тілі кабинеті — 1, психолог кабинеті — 1, еңбек кабинеттері — 5 (ұлдарға — 3, қыздарға — 2), инклюзия кабинеті — 1, КПП кабинеттері — 2, бастауыш сынып кабинеттері — 6, АӘД кабинеті — 1, тарих кабинеті — 1, телестудия — 1, математика кабинеттері — 2.

Білім беру процесінде 2533 компьютер және 185 планшет пайдаланылуда, бұл — әр 3 оқушыға 1 компьютерден келеді.

Сондай-ақ, 34 мектепте 93 интерактивті панель, 81 интерактивті жабдық жиынтығы және 145 мультимедиялық жабдық жиынтығы бар, барлығы толықтай жұмыс істеп тұр және жарамды күйде.

39 мектептің барлығы «BilimLand» білім беру платформасына онлайн қосылған. Мектептердің, балабақшалардың және қосымша білім беру ұйымдарының барлық сайттары ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 2 наурыздағы №79 бұйрығына сәйкес келеді, яғни edu.kz хостингінде орналастырылған.

Дата публикации
25 декабря 2025
Дата обновления
25 декабря 2025
Тип

Сейчас читают

13 августа 2026
Медиа-жоспар «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының іс-шараларын жариялау бойынша
13 мая 2026
Қызылжар ауданының мектептерін цифрландыру - 2026 ж.
13 мая 2026
«Боз Қарағай орманы» балалар денсаулығын жақсарту лагері» МКҚК

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы