2025 жылдың 28 қазан күнінде мектепке дейінгі ұйым педагогтарының қатысуымен «Құзырлы педагог» аудандық олимпиада өткізілді. Аталған олимпиада Қызылжар ауданының білім бөлімі әдіскері А.Ш. Даниярова құрастырған, және байқау меен олимпиадалардың аудандық Пулына енгізілді. Олимпиадаға 28 педагог қатысты. Шара Бескөл мектеп-колледж базасында өткізілді. Берілген 40 минутта педагогтар 25 тесттік тапсырмаларды орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі шешім шығарылды: 1 орын (1 педагог), 2 орын (5 педагог), 3 орын (6 педагог). Орын алмаған педагогтарға қатысу туралы сертификат берілді.