23 мамырда «Парасат» м-л» КММ, «№2 Бескөл ОМ» КММ екі аудандық мектептің базасында оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Конкурсқа 28 жобамен 31 оқушы қатысты, оның ішінде 3 жоба қазақ тілінде білім алушылар. 9-11 сынып оқушылары өз жобаларын 4 бағыт және 13 секция бойынша қорғады: «ғылыми — техникалық прогресс — экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Салауатты табиғи орта — «Қазақстан 2050» стратегиясын іске асырудың негізі», « Тарихи ескерткіштер және перспективалы туристік маршруттар». Әр бағытта жобаларды бағалайтын құзыретті қазылар алқасы жұмыс істеді. 4 бағыт бойынша үздік жұмыстар ғылыми жобалардың облыстық кезеңіне қатысады.
Ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінің нәтижелері осы сілтемеде берілген https://drive.google.com/drive/folders/1ol4W1ut5RMR8ZZeqLTyoI32laSLRjq0i?usp=sharing