Меню

Страницы

Статья

«Мирас» бөбекжай — бақшасында кітапхана ашуы

01.02.2024

2024 жылдың 1 ақпанында «Мирас бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында кітапхананың ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты шараны мектепалды тобының тәрбиеленушілері әдемі ұлттық киім киген ұлттық бимен ашты. Музыкалық қойылым Кітап Феясы, Алдар Көсе және пошташы Печкиннің қатысуымен өтті. Батырлар балалармен тәрбиелік мәні бар әңгімелер, викториналар, ойындар өткізді. Балалар кейіпкерлердің сұрақтарына жауап беру арқылы ертегілер бойынша білімдерін көрсетті. Қызыл лента қиылған соң кітапхананың салтанатты ашылуы болды, оның алғашқы қонақтары балабақшаның кішкентай оқырмандары болды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Даниярова А.Ш. кітап оқудың құндылығы мен өзектілігін айта отырып, жиналғандарды айтулы оқиғамен құттықтады. Бақша меңгерушісі Жоламанова А.Қ. кітапхана құру идеясы, кітапхана қорын туралы айтты. Педагогтар қонақтарға балалардың жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген кітаптар сөрелерін сыйға тартты. Балабақша тәрбиеленушілерінің бірінің әжесі жиналғандарды құттықтап, балабақшада бүлдіршіндердің өсіп-өркендеуіне жағдай жасағаны үшін балабақша басшылығы мен ұжымына алғысын білдірді.

Дата публикации
06 марта 2025
Дата обновления
06 марта 2025
Тип

Сейчас читают

13 августа 2026
Медиа-жоспар «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының іс-шараларын жариялау бойынша
13 мая 2026
Қызылжар ауданының мектептерін цифрландыру - 2026 ж.
13 мая 2026
«Боз Қарағай орманы» балалар денсаулығын жақсарту лагері» МКҚК

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы