23.01.2024
2024 жылдың 23 қаңтарында «Парасат» мектеп-лицейі КММ-де мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік аттестациялауға дайындық бойынша аймақтық семинар өтті. Семинар барысында РМК әдіскері Даниярова А.Ш. әдістемелік ұсыныстар, өзін-өзі бағалауды құрастыру және критерийлер бойынша өтінімдерді толтыру бойынша түсініктемелер берілді. 2024 жылы 7 білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттауға жатады, оның 7-інде мектепке дейінгі ұйымдар бар. Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері мен мектепалды даярлық сыныптарының мұғалімдері қатысты. Мемлекеттік аттестациялауға жататын мектепке дейінгі ұйымдарға мобильді топ мүшелері өз ұйымдары деңгейінде аттестаттау мәселелерін қадағалайтын әдістемелік көмек көрсетеді.