Меню

Страницы

Статья

"Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі дәстүрлер мен инновациялар" атты пікір — талас

18.01.2024

Әр адам, әр педагог — жеке тұлға. Әр жеке тұлғаның өз ой-пікірі болады. Әр тұлға өз ой-пікірін білдіруге құқылы. Бірақ, оны жай ғана айтпай, дәлел ретінде ұсынғаны тиімді. Осы оймен бастауыш сынып мұғалімдердің қатысуымен бүгін, 2024 жылдың 18 қаңтарында "№ 2 Бескөл ОМ" қабырғасында "Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі дәстүрлер мен инновациялар" атты пікір — талас өтті. Пікір-талас топтық жүйесімен өткізілді, жетекші үлгілік жүйесіне ұстанып, сәл өзгерістер енгізілді. Барлық шара аудандық білім беру әдіскері мен бастауыш сынып мұғалімнің құрастырылған Ереже және бағаланатын талаптар негізінде өткізілді. Спикерлер 2 топқа бөлініп (шындаушы және жоққа шығарушы), берілген 5 сұрақты өз ой-пікірлерімен дәлелдеп шықты. Қарсылас топтары қосымша сұрақтар қойып, шараға өз қызығушылықтарын көрсетті. Ұсынылған сұрақтар бастауыш сыныптың НҚА, оқыту жүйесіне, педагог мәртебесіне қатысты болды. Тәуелсіз таймкипер және бақылаушылар таңдалып, ойынның тәртібі дұрыс орындалуын және уақыттың жұмсалуын қатаң қадағалап отырды. Пікір-таластың қорытындылауында әр қатысушы өз ойын білдіріп, топтағы өзін өте маңызды рөл атқарғанын айтты.

 

Дата публикации
06 марта 2025
Дата обновления
06 марта 2025
Тип

Сейчас читают

13 августа 2026
Медиа-жоспар «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының іс-шараларын жариялау бойынша
13 мая 2026
Қызылжар ауданының мектептерін цифрландыру - 2026 ж.
13 мая 2026
«Боз Қарағай орманы» балалар денсаулығын жақсарту лагері» МКҚК

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы