
Қосымша білім беру жүйесін дамыту - оқушыға кәсіптік бағдар берудің ең тиімді жолы болып табылады. Осыған орай, қаңтар айынан бастап қаламызда ғылыми техникалық бағытта физика пәнінен 7 және 8 сыныптар үшін қосымша білім берілуде. Қосымша білім берудің негізгі мақсаты оқушылардың техникалық пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға жол ашу, ЖОО-на грантқа түсуге, қазыналы өлкемізге маман болып оралуына жұмыс жасау. Балалар сабақтан тыс уақытта, белгілі кестеге сай, арнайы бағдарлама бойынша білім алып жатыр. Әрбір сабақта теорияны өмірмен байланыстырып, тәжірибе жасау арқылы білім сапалы болады. Аталмыш курсқа қатысатын оқушылар үлкен қызығушылықпен қатысады.