
Қарағанды облысының білім басқармасы 2020-2023 жылдарға арналған бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жасау және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерін шешу бойынша Жол картасын (бұдан ары –Жол картасы) жүзеге асыру мақсатында 2021 жылдың 9 қарашасында Қарағанды облысы білім басқармасының Қаражал қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қаражал қаласының №1 жалпы білім беретін мектебінде «Білім алушылардың әлеуметтенуі – аутодеструктивті және бейәлеуметтік жүріс-тұрыстардың алдын алу формасы ретінде» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар барысында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтардың жұмысын үйлестіруші әдіскерлер мен мамандар, сонымен қатар мектеп директорлары аутодеструктивті мінез-құлықтары бар балалармен жұмыс жасау және түрлі суицидалдық әрекеттердің алдын алуы бойынша ақпараттармен танысты