«Шығармашыл кітапханашы~2021» байқауы

«Шығармашыл кітапханашы~2021» байқауы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығының қашықтықтан өткізген «Шығармашыл кітапханашы~2021» байқауы 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асыру барысында 2021 жылға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырған болатын. Байқаудың қорытындысы бойынша «Ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл» тақырыбымен «Бейнеролик» номинациясының III дәрежелі дипломына №30 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашысы Смайлова Жеңіскүл Абайқызы ие болды. Жеңіскүл Абайқызы Каражал қаласы білім бөлімінің басшысы Шорин Сәбит Сексенбекұлының арнайы қабылдауында болып, дипломы табысталды. Жұмысына сарқылмас зерттеушілік ізденіс, шабыт, шығармашылық табыс тіледі.