
«2020-21 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды өткізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 05 мамырдағы № 203 бұйрығы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында концептуалды негіздері (ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығы ) негізінде «Қаражал қаласының білім бөлімі» ММ-сі бойынша білім беру мекемелерінде мектеп түлектері 11-сынып оқушылары үшін «Мектеп бітіру кеші» салтанатты жиыны бірдей уақытта яғни, 2021 жылғы 14-маусымда сағат 11.00-де мектеп алаңдарында карантин кезіндегі барлық санитарлық талаптарға сәйкес ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: мектеп дәстүрлерін насихаттау және сақтау, білім құндылықтарын қалыптастыру, білім туралы құжатты алудың адам өміріндегі маңыздылығы, патриотизмге тәрбиелеу, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін дамытуға ықпал жасау, Қазақстан Республикасының лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
«Қаражал қаласының білім бөлімі» ММ бойынша түлектер саны – 145. "Алтын белгі" иегерлері- 8, үздік аттестат – 8 білім алушы. Түлектерге сәттілік тілейміз!