2026 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарландыру
«Қаражал қаласының білім бөлімі» ММ 2026 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы Қаражал қаласы аумағында орналасқан Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарлайды.
Құжаттар конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру берілген 3 (үш) жұмыс күндері қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары негізінде қабылданады.
Мектепке дейінгі мекемелер басшы қолы қойылған мекеме мөрімен расталған құжаттарды білім бөліміне: Қаражал қаласы, Тойымбеков 2А
2025 жылдың 18 желтоқсан мен 22 желтоқсан аралығында сағат 17.00-ге дейін ұсынылады:
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2025 жылдың 22 желтоқсан күні сағат 17.00-де қаралатын болады: Қаражал қаласы, Тойымбеков 2А
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады: тел: 8700 444 76 00