Қаражал қаласы білім беру ұйымдарының тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының анықтамасы
Қаражал қаласы білім бөліміне қарасты барлығы 8 мектеп бар. Оның 7-уі жалпы білім беретін мектеп, 1 бастауыш мектеп. Жалпы білім беру ұйымдарында 3446 оқушы бар. Оның ішінде тегін тамақпен қамтылатын 1-4 сынып оқушылары 1363. Жалпы оқу қоры есебінен тамақтандырылатын аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны – 279.
№1,3,6,7,10,11,30 жалпы білім беретін мектептерінде асхана, №5 бастауыш мектебінде буфет бар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығымен Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алуға бекітілген қағидаларына сәйкес іске асырылып отыр.
Тамақ өнімдерін сақтау жағдайларына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі енгізілген.
2020 жылдан бастап конкурстық рәсімдер электрондық сатып алудың бірыңғай порталы арқылы электрондық форматқа көшіріліп, тамақтандыруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар күшейтілген. Қаражал қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 2024 жылғы конкурстың нәтижесі бойынша:
№1 мектебінде - ЖК «Қойманова А.О.»
№3 мектебінде - ЖК "Шакурова"
№5 мектебінде - ЖК "Оспанова"
№6 мектебінде - ЖК «Деркасова»
№7 мектебінде - ЖК «Оспанова»
№10 мектебінде - ЖК «Деркасова»
№11 мектебінде - ЖК «Оспанова»
№30 мектебінде - ЖК «Қойманова А.О.»
Қағидаларға сәйкес, жалға алушы жеке кәсіпкерлер ай сайын мектеп директорларына олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынып отырады.
Қағидалардың талаптарына сәйкес, қызметтерді, тауарларды жеткізуші өз міндеттемелерін бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы жеткізуші жосықсыз деп жарияланады.
Күн сайын мектеп медбибісі немесе диетбикесі №76 Санитариялық қағидаларда бекітілген нысанға (Санитариялық қағидаларға 9-қосымша) сәйкес тағамдар мен аспаздық бұйымдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, дайын тағамдардың сапасына органолептикалық бағалау жүргізіліп отырады.
Қаражал қаласы бойынша мектеп асханаларының тоқсан сайын тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобы (бұдан әрі – Ведомствоаралық сараптама тобы) құрылып, балалардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераж комиссияларының) (бұдан әрі - Комиссия) қызметіне жүйелі мониторинг жүргізіліп балалардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылданды.
Ведомствоаралық сараптама тобының құрылуы арқылы 2024 жылдың 11-12 қыркүйек аралығында мектеп асханасының комиссия қызметінің мониторингі жасалынды. Балалардың тамақтануын ұйымдастырылуы бақыланды.
Ведомствоаралық сараптама тобы әкім аппаратының, білім беру, денсаулық сақтау басқармаларының, қоғамдық даму істері жөніндегі, мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңестердің, саяси партиялардың, ата-аналар қоғамдастығының, сондай-ақ балалық шақ саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен келісім бойынша құрылып отырады. Және сараптама тобының құрамы өзгеріліп отырады. Сараптама тобының төрағасы білім бөлімінің басшысы.
Ведомствоаралық сараптама тобының төрағасының орынбасары Қ.Шамбулова жалпы басшылықты жүзеге асырамын, қызметтерді үйлестіріп жүктелген міндеттердің орындалуына жауап беремін.
Қаражал қаласының мектептеріне 2024-2025 оқу жылына Ведомствоаралық сараптама тобы министрліктің хатына сәйкес, тамақтану сапасын ұйымдастыру бойынша мониторинг жүргізді.
Ведомствоаралық сараптама тобының шешімі тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі ведомствоаралық сараптама тобының актісімен ресімделді.
№1,3,6,7,10,11,30 мектептерге барған кезде Ведомствоаралық сараптама тобы мектеп директорын, асхананы жалға алушыға білім бөлімінің мониторинг жүргізу туралы бұйрығымен таныстыру жұмысы жүргізілді.
Мектеп асханаларының жай-күйін тексеру барысында атқарылған жұмыстар:
Барлық мектептерде бракераж комиссиясының бұйрығы бар. Тек 7 адамнан кем болмауы тиістігі жөнінде ескертулер жасалды.
Оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары, тиісті құжаттары бар.
Оқушылардың асханаға ұйымдасқан түрде баруы қамтамасыз етілген.
Балалардың тамақтануы үшін жағдай жасау бойынша раковиналар барлық мектептерде бар, кептіргіштер 1,3,7,11 мектептерде бар, сабын мен сүлгілермен қамтамасыз ету бойынша ескертулер жасалды.
Балалардың жекелеген санаттары үшін перспективалық мәзірдің ҚР 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген бір реттік тамақтану нормаларына сәйкес, күнделікті мәзір перспективалы мәзірге сәйкес ұйымдастырылған.
Сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары (сертификаттар, декларациялар, балаларға арналған мамандандырылған тамақ өнімдеріне мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер) бар, пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтер бар.
Мектеп асханалары жабдықталуы бойынша №1 ЖББМ асханасы толық жабдықталған, №3,6,7,10,11,30 мектептер бойынша кейбір жабдықтар ескірген, тапсырыс беріліп, конкурс арқылы алынып жатыр.
Барлық мектептерде жуу құралдары, жинау мүкәммалары, ыдыс-аяқпен қамтамасыз етілген. Асхана қызметкерлеріне құрал-жабдықтарды толық таңбалануы ескертілді.
Ас блогында бейнекамералар бар. Барлығы іске қосылған.
Қолма-қол және электронды түрде есеп айырысу мүмкіндігі бар. Мектептерде фонтанчиктер арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Тек №30 ЖББМ фонтанчик істен шығуына байланысты ауызсу режимін қолдан ұйымдастырған.
Жалпы білім беретін мектебінің асхана қызметінің балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін өнім ассортиментіне мониторинг жүргізілді. Актіге сәйкес тиісті құжаттама мәліметтерінің дұрыстығы тексерілді.
Тамақтану рационын сапалы жақсарту, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қауіпсіз және теңгерімді тамақтану және тамақ өнімдерімен қамтамасыз етілуін қарады.
Білім алушылар үшін тамақ дайындау процесінде пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын тиісті құжаттары тексерілді.
Фото-бейнетіркеу құралдарын пайдалана отырып, бір өкіл қол жеткізе отырып, тамақ блогын, қойма үй-жайларын, технологиялық жабдықты және т. б. көзбен шолып қарау, терапевтің қорытындысымен флюро-тексеруден өткені туралы анықтамасын тексерді.
Тамақтандыруды ұйымдастыру және оның сапасы бойынша балалардың, ата-аналардың (заңды өкілдердің) пікірлері (книга жалоб) қаралды.
Ведомствоаралық сараптама тобының қызметін регламенттейтін қажетті құжаттамалары бар.