2022 жылдың 19 қыркүйегінде Жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты V республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңі өтті. Қалалық кезеңге Қаражал-Жәйрем аймағы бойынша 9-10 сыныптардан жалпы саны 19 оқушы қатысты.Конкурс тест және эссе түрінде өтті. Конкурстың облыстық кезеңіне квотаға сәйкес жоғары ұпай жинаған, жалпы саны 4 оқушы жолдама алады.