
Мемлекеттік мекеменің қызметі
«Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылығын « Қаражал қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы.
«Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
«Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) қала әкімдігінің бекітуіне мемлекеттік мекеменің Ережесі мен құрылымдарын, сондай-ақ олардағы өзгерістерді ұсынады;
3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) сенімхатсыз мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
5) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
6) келісімшарттар жасайды;
7) банк шоттарын ашады;
8) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін, сондай-ақ білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына жауапты болады;
12) Қаржы-шаруашылық қызметке бақылауды жүзеге асырады, қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын, есептерді бекітеді және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың, атап айтқанда Қаражал қаласының "Балалар өнер мектебі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының және Қаражал қаласының "Улыбка" балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қаржы саласындағы тиісті уәкілетті органдарына қаржы-шаруашылық қызметі бойынша есептердің уақтылы тапсырылуын бақылайды.;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және уәкілетті органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
«Қаражал қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.