Меню

Страницы

Статья

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы

Хабарландыру! Қамқоршылық кеңес

 

Ұлытау облысы білім басқармасы «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9 тармағына сәйкес, орта білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің құрылатындығы және оның құрамы бойынша ұсыныстардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.

Ұсыныстарды қабылдау  хабарландыру жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады және Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган бекітеді.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

1) жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

2) жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері;

3) коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

4) ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

5) қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

Білім беру ұйымының жанынан құрылған Қамқоршылық кеңес отырысына осы білім беру ұйымының басшысы немесе оның орынбасары қатысады.

Қамқоршылық кеңес құрамына "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар кіргізілмейді.

Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ кемінде тоғыз адамнан құрылады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.

Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.

Қамқоршылық кеңестің отырысында ашық дауыс беру жолымен дауыстар басымдылығымен сайланатын (қайта сайланатын) оның төрағасы Қамқоршылық кеңестің басшысы болып табылады.

Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.

Білім беру ұйымының Қамқоршылық кеңесі:

1) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

2) білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді;

3) білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді;

4) қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

5) қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды;

6) білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді;

7) тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді;

8) орта білім беру ұйымдары басшысының лауазымына үміткерлермен әңгімелесу қорытындысы бойынша хаттамалық шешім шығарады және келіседі;

9) білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды;

10) білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады;

11) білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі.

Білім беру ұйымдарының (құрылымдық бөлімшесі) қызметкерлері Қамқоршылық кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды ұсынуға ықпал етеді.

Қамқоршылық кеңестің құрамы бойынша ұсыныстар Ұлытау облысы білім басқармасы «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мекен-жайы бойынша қабылданатындығы жайлы хабарлайды. 

№1 қосымша 

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 4 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Қабден Шыңғысов атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 8 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 9 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 11 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 13 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Талап ауылының № 14 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 22 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 24 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№ 26 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Дата публикации
01 декабря 2022
Дата обновления
01 декабря 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
24 декабря 2022
Хабарландыру! Қамқоршылық кеңес
Хабарлама
01 декабря 2022
«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы