Ұлытау облысы білім басқармасының «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ 2024 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы Жезқазған қаласы аумағында орналасқан мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарлайды.
Құжаттар конкурстық рәсімді өткізу туралы хабарландыру берілген 3 (үш) жұмыс күндері қабылданады. Қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары негізінде қабылданады.
Мектепке дейінгі мекемелер басшы қолы қойылған мекеме мөрімен расталған құжаттарды білім бөліміне: Жезқазған қаласы, Ғарышкер, 35
2023 жылдың 5 мен 8 желтоқсан аралығында сағат 17.00-ге дейін ұсынылады:
Конкурсқа қатысу туралы құжаттар 2023 жылдың 8 желтоқсан күні сағат 17.00-де қаралатын болады: Жезқазған қаласы, Ғарышкер, 35
Қосымша ақпаратты келесі байланыс телефоны арқылы алуға болады; тел: 8(7102) 410861, 87775728449