Мектепке дейінгі білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

 

Қалада 3427 балаға арналған 30 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 25 мемлекеттік (3145 бала), 5 – жекеменшік (282 бала). Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 77,2 % құрайды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту мақсатында 2020-2023 жылдарға арналған «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС тарапынан жалпы жобалық қуаты 880 орындық 4 балабақша салу жоспарлануда. Нәтижесінде қамту 94% - ға дейін артады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың инфрақұрылымдық деңгейін жақсарту мақсатында 2020 жылы 283,4 млн.теңгеге 7 балабақшаның шатыры мен терезелеріне күрделі жөндеу жүргізілді.

«2020-2021жж. Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында «Балдырған» бөбекжайының ғимаратына 147,5 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2021 жылға арналған бюджетте «Көктем» және «Ұшқын» балабақшаларын күрделі жөндеуге 311 млн.577 мың теңге сомасында шығыстар көзделген. Сонымен қатар, балабақшалар мен шағын орталықтар үшін 35 млн.866 мың теңгеге жиһаз және ас үй жабдықтарын сатып алу жоспарланған.

Білім беру ұйымдарын жабдықтау СанЕжН талаптарына сәйкес келеді, барлық балабақшалар санитарлық-гигиеналық жайлылықпен қамтамасыз етілген. 

Барлық мектепке дейінгі ұйымдарда бейнебақылау камералары орнатылған, оның ішінде сыртқы – 156 бірлік, ішкі – 361 бірлік.

Барлық мектепке дейінгі ұйымдар Индиго24.кз бірыңғай электрондық платформасына қосылған. Платформа мемлекеттік деректер қорымен біріктірілген, бұл құжаттарды қолдан жасау тәуекелін, жеңілдіктерді негізсіз пайдалану мүмкіндігін барынша азайтады.

 

 

 

Дата публикации
11 января 2021