Кәмелетке толмағандардың арасындағы
құқық бұзушылықтардың алдын алу
Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалудың және қоғамға қарсы әрекеттерінің алдын - алу бойынша Жезқазған қаласының білім бөлімі мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылда түрлі бағыттардағы іс-шаралар кешенді жүргізілуде.
2021 жыл бойынша полиция қызметі бөлімінің ювеналдық полиция тобында тіркелген кәмелетке толмаған оқушылар саны - 4. Мектепішілік есепте - 29 бала. Берекесіз отбасылар саны – 14, ондағы бала саны - 27. Есептегі барлық балаларды бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында спорттық, қоғамдық іс-шараларға тарту және үйірмелермен қамтамасыз етілген.