Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Білім беру

Жезқазған қаласы  білім бөлімінің 2019 жылда атқарылған жұмысы  туралы

Жезқазған қаласы білім бөлімінде қарасты 37 мекеме бар, олар:

    *   жалпы орта білім беретін мектептер  - 19;

    *   кешкі мектеп - 1;

    *   мектепке дейінгі балалар мекемелері– 14;

    *  қосымша білім беру мекемелері  - 2 (Балалар өнер  мектебі және Балалар мен жасөспірімдер сарайы);

     *   Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті – 1.

   Жезқазған қаласының әкімдігінің  2019 жылдың 16 шілдедегі №22/22 қаулысына сәйкес «Жезқазған қаласының білім бөлімінің Қорғанбай ауылының №12 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бала санының аздығына байланысты таратылды.

        2017 жылғы техникалық сараптама қорытындысына сәйкес, Теректі станциясының №6 негізгі мектебі апатта жағдайда деп танылған. Қазіргі уақытта 80 орындық мектеп салу үшін жобалық сметалық құжаттары дайындалу үстінде.

Білімді дамытуды жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі - Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында білімнің көп деңгейлі ұлттық жүйесін жаңарту.

Қаламыздағы жеке меншік балабақшалардың ашылуы есебінен 3 пен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту көрсеткіші 100 %, 1-6 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші 74,1% құрады.

2019 жылы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және білім берумен қамту мақсатында  «Бахыт» жеке меншік балабақшасы ашылып, 95 бала қамтылды.

   Мектепке дейінгі балалар ұйымдарында 0 мен 6 жас аралығында кезекте тұрған балалар  саны – 4012.

Жаңа жағдайда білім беру жүйесінен, оның сапалы және өмір бойына үздіксіз болуы талап етіледі. Сондықтан Қазақстанның білім беру жүйесінің алдына оқытудың қазіргі уақыттағы әдістері мен бағдарламаларын меңгеру, оқыту сапасын арттыру,  сұранысқа ие білім мен дағдыларды беру, қоғамдық сананы жаңғырту, функционалдық сауаттылықты, үштілділікті, сын тұрғысынан ойлауды және басқаларын дамыту  міндеті қойылған. Жаңартылған білім мазмұнына  жалпы білім беретін мектептердің 11  сыныптан басқа сыныптар 100% көшті.

Жаңа оқу жылына дайындықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі кадрлық қамтамасыз ету болып табылады. 

Қаламыздың білім ұйымдарында барлығы - 1288 педагог еңбек етеді. Жоғары санатты 261 (20%)  және бірінші санаттылары-302 (23%). Жаңа форматта аттестациядан өткен зерттеуші мұғалім-95 (7%), педагог сарапшы-187 (14%). Санаты бойынша сапалық құрамы 65 пайызды құрап, қалыпты деңгейді көрсетіп отыр. Орыс тілді мектептерде бастауыш сынып мұғалімі, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиеті, химия, география, тарих пәндері бойынша педагог мамандарға қажеттілік бар.  

Педагог кадрларды марапаттау мақсатында «Жыл мұғалімі» қала әкімінің сыйақысына 10 номинация бойынша 2 млн.100 мың.тг. бөлінді.  

Цифрландыру. Барлық мектептер кең жолақты интернетпен қамтылған, жылдамдығы: қала мектептері 10 Мбит/с, ал ауыл меткеперінде 4 Мбит/с дейін.  Жезқазған қаласының жалпы білім беретін мектептері 100% «Білім ал» автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы жұмыс істейді. Бұл басқару жүйесі «электрондық журнал» жобасы,   мұғалімдерге, оқушыларға, ата-аналарға, білім беру ұйымдарының әкімшілеріне оқу процесіне байланысты есептер мен ақпараттарды пайдалануға үлкен пайдасын тигізуде.

 Үш тілділік білім беру.

Жезқазған қаласының білім бөлімінде үш тілділік білім беруді еңгізу бойынша біршама жұмыстар атқарылып жатыр. 16 мектепте физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізілуде. Барлығы 79 мұғалім сабақ береді. Еңбек ақыларына 35 мың тг. көлемінде үстемақы   төленуде.

Аталған мұғалімдер 9 ай бойы тілдік курстардан, 3 кезеңнен тұратын менторлық курстардан өткен. Пән мұғалімдеріне арнайы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша 2 ментор бекітіліп мұғалімдермен жетекшілік жұмыстарын жүргізілуде. Осы іс шара аясында Білім бөлімінің ұйымдастыруымен тұрақты оқыту, әдіс алмасу семинарлары жоспарға сәйкес өткізіліп отыр. 

 Инклюзивтік білім беру.

Ерекше білім беруді қажет ететін балалар жалпы білім беретін  №№3,13,21,24 орта мектептерде арнайы сыныптарда, №№2,3,5,7,10,13,14,21,22, 26,133 орта мектептерде инклюзивті сыныптарда және барлық мектептерде үйден оқумен қамтылған. Мектепке дейінгі жастағы балалар №8 «Айсұлу» инклюзивті балабақшасында инклюзивті топтарда, №13 «Ертөстік», №11 «Арман», №3 «Балбөбек», №10 «Ұшқын», №14 «Балдырған» балабақшаларында қамтылып отыр.

«Болашақ» корпоративтік қоры мен Жезқазған қаласының білім бөлімі арасында жасалынған Меморандум негізінде 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап №13 орта мектебінде ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған инклюзивті қолдау кабинеті (КПИ) ашылды. Меморандумның  негізгі мақсаты - «Әр бала мектепке баруға лайықты»  жобасын іске асыру. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Ы.Алтынсарин Ұлттық білім беру академиясының инклюзивті білімді дамыту бойынша эксперименттік алаңдар жүйесіне енгізілген.

Инклюзивті қолдау кабинеті 9 оқушы арналған, арнайы құрылғылар - арнайы оқушы парталары, киім және құжаттар шкафтары, қапшық-кресло, жеке жұмыс істеуге арналған АДДЕ орындықтары, батут, саусақтарға арналған электрондық санағыш,гимнастикалық доптар, арнайы тақта, қабырға протекторы және әдістемелік құралдармен қамтылған.

   2019 жылы бюджеттік бағдарламалары бойынша 6 млрд. 662 млн. 617мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде Республикалық бюджеттен 1 млрд. 343 млн.772 мың.тенге, қалалық бюджеттен 5 млрд. 318 млн. 845 мың.тенге.        2019 жылы жалпы оқумен қамту қорының қаржысы  мектептерді ұстап-күтуге жұмсалған шығындардың 4,6 пайызын немесе  128 млн 531 мың теңгені құрады. Оның ішінде:

–   тегін ыстық тамақтануды ұйымдастыруға – 75 млн 926 мың теңге. Бүгінгі таңда тегін ыстық тамақпен аз қамтамасыз етілген отбасылардан барлығы 1490 оқушы қаматамасыз етілді. –   мектеп жанындағы жазғы лагерьлер  – 20 млн 212 мың теңге. 2000 бала қамтылды. -         қаржылай көмекке 32млн.393мың теңге бөлінді, аз қамтамасыз етілген отбасының 1240 баланың әрқайсысына 26 123 мың теңге көлемінде көрсетіледі.

Күрделі шығындар.

 Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету білім бөлімінің бақылауында және кезең-кезеңмен жүзеге асырылады.

 2017-2019 жылдарға арналған қаланың даму жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2019 жылы бекітілген ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша мемлекеттік сараптамадан өткен келесі білім беру объектілерінде жалпы сомасы 235,0 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.:

- 67,9 млн. теңгеге № 13 орта мектептің шатыры мен терезелерін күрделі жөндеу;

–Талап ауылының № 14 орта мектебінің шатырын күрделі жөндеу-28,3 млн. теңге;

– Кеңгір ауылындағы № 2 орта мектептің шатырын күрделі жөндеу-15,5 млн. теңге;

-Кеңгір с. № 2 ОМ жылу жүйесін және қасбетін күрделі жөндеу (2 жылдық жоба), 2019 жылы 61,4 млн. теңге сомаға;

- №3 ОМ қасбетін күрделі жөндеу (2 жылдық жоба), 2019 жылы 61,9 млн. Теңге.

2019 жылы 240,5 млн. теңгеге 67 кабинет (физика, химия, биология, мультимедиа, АӘД, технология, робототехника кабинеттері) сатып алынды. Жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз ету көрсеткіші (физика, химия, биология кабинеттері) 100% - ға жетті.

 Оқушыларды компьютерлік техникамен қамтамасыз ету көрсеткішін орындау мақсатында 2019 жылы 151,4 млн.теңге сомасына 529 бірлік компьютер сатып алынды, көрсеткіш 1 компьютерге 6,5 оқушыны құрады.

 196млн. 313мың тенгеге 12 бірлік IT-кабинеттер сатып алынды (№1,4,5,7,9,10,11,13,21,22,26 мектептер)). 

 Кезең-кезеңмен асханалық жабдықтар жаңартылып жатыр (мұздатқыштар, тоңазытқыштар, пештер және мармидтер), 2019 жылы 21,3 млн.теңгеге алты мектепке (№3,4,7,8,13,2 мектептер) жеткізілді. 2020 жылы басқа мектептерге де қою жоспарланып отыр.

  2017-2019 жылдарға арналған Қаланы дамыту жоспарын жүзеге асыру мақсатында бастауыш сынып оқушыларын киім мен мектеп керек-жарақтарын сақтауға арналған жеке шкафтармен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету басталды.   2019 жылы бастауыш сынып оқушыларына 41,6 млн.теңгеге 1403 шкаф сатып алынды (қажеттіліктің 48%). 2017 жылы № 3 және № 5 ОМ 160 бірлік сатып алынған.

 Жалпы білім беретін мектептердің материалдық базасын одан әрі жақсарту үшін 979 парталар жиынтығы, 14млн.646 мың.теңгеге 109 бірлік тақта сатып алынды.

 2019 жылы көпфункционалды корттармен қамтамасыз ету 100% құрайды.  Биылғы жылы 41,8 млн.теңгеге 5 корт орнатылды (Малшыбай ауылының № 4, № 5, № 11, № 26, № 15 ОМ).

 Балалардың құқықтарын қорғау. «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыра отырып, заңнамада белгіленген тәртіпте балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу бойынша қызметті ұйымдастырады, балаларды орналастыру нысандарын тандауды және асырап–бағу, тәрбиелеу және білім алу жағдайларына кейінгі бақылау жасауды қамтамасыз етеді.

        2019 жылы қала бойынша 25 жетім ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балалар анықталды. Олардың 16-сы отбасына қорғаншылыққа, 9-ы балалар үйіне орналастырылды.

Тәрбие жұмысы.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында «Алтын діңгек — өзім туған босағам, жүрегімде-көңілді, шаттықта, уайымсыз өткен балалық шағым жасаған»  атты қалалық іс-шара Малшыбай ауылында өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты - ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын қолдау үшін ата-аналар қоғамдастығын, мектеп түлектерін және меценаттарды тарту.

Мектеп оқушылары СТЭМ әдістемесін пайдалана отырып,  іздестіру жұмыстарына қатысып, туған жер тарихымен танысып, театрлар мен мұражайларға барды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мұғалімдер интеграцияланған сабақтар өткізіп, оқушылармен орталық аймақтың киелі және тарихи жерлеріне саяхаттар, экскурсиялар жасады.

2019 жылдың 17 мамырында Жезқазған қаласының мектеп директорлары мен тәрбие жөніндегі орынбасарлары арасында жазғы  демалыс кезеңіндегі балалардың сауықтырылуы, демалуы, бос уақыттарының өткізуі туралы кеңес өткізілді.    

Кеңесте ішкі істер полициясы,  төтенше жағдай басқармасы, прокуратура, білім бөлімі қызметкерлері тарапынан балалардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету  мәселелері айтылып, мектеп басшыларына, ата-ана қоғамына толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қылмыстың алдын алу іс- шараларын жандандыру тапсырылды.

Жезқазған қаласының білім бөлімінің  2019 жылға  арналған жоспарына сәйкес,  жазғы  сауықтыру маусымын ұйымдастыру,  балалардың жазғы  каникул кезеңінде 1 маусым мен 25 тамыз аралығында ұйымдастырылды.

Жезқазған қаласының білім бөліміне қарасты 17 негізгі және жалпы орта білім беретін мектептерінде жазғы сауықтыру лагері 2 ауысымда жұмыс жасады.

(Анықтама: 2019 жылдың маусым айының 1-нен бастап 1 ауысымда 890 бала,  1 шілдеден бастап 2 ауысымда  810 бала  қамтылды).

Жоспар бойынша 2019 жылдың шілде айында (5 шілдеде-50 бала,  15 шілдеде-53 бала) Қарағанды облысы, Бұхар Жырау ауданындағы «Березняки» сыртқы сауықтыру лагеріне  отбаслылық жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған, сонымен қатар озат және белсенді оқушылар қатарынан 103 бала 10 күндік демалысқа барып сауықтандырылды.

Қарағанды облысы білім басқармасының тарапынан 2019 жылдың 31 шілдесінен бастап 55 бала Балқаш қаласындағы республикалық «Балдәурен» лагерінде сауықтандырылды.

Бурабай аумағындағы «Звездный»  балалар сауықтыру орталығына «Қазақмыс» корпорациясы жұмыскерлерінің 70-ке  жуық  балалары жазғы демалыстарын өткізді.

Балалар мен жасөспірімдер сарайының әдістемелік   орталығы   оқушылардың жазғы демалуы мен  сауықтырылуын ұйымдастыру мақсатында «Көңілді жаз-2019» қалалық іс-шарасын өткізді. 

Оқушылардың қызығушылығы бойынша Балалар мен жасөспірімдер сарайында,  балалар өнер мектебінде үйірмелер  жұмыс жасап, оған 1800 бала  жазғы 3 ай каникул ішінде тарихи жерлерге туристік жорықтар мен экскурсияларға апарылды және аула клубына 500 бала тартылды.  2019 жылдың 2 қыркүйегінде өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «1 қыркүйек - Білім күні» мерекесіне орай білім беру ұйымдарында бірыңғай «Адалдық сағаты» өткізілді.

 «Nur Otan» партиясы жанындағы Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымымен жас ұрпақтың бойында адамгершілік, ұлттық дәстүрге негізделген маңызды рухани-имандылық және әлеуметтік құндылық ретінде азаматтылықты, патриотизмді дамытуға бағытталған жұмыстарды барлық білім ұйымдары жүргізіп келеді.

Осындай бірлескен жұмыстардың бірі –  Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тұжырымдамалық мақаласы негізінде жасалған жас ұрпақтың бойында отбасы құндылықтарын қалыптастыру мен дамытуға бағытталған «Өркендеу» жобасы.

«Өркендеу» жобасының негізгі мақсаты  –  жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбиені сіңдіре отырып, біліммен қаруландыру.

Балалар мен жасөспірімдер сарайында 1-4 сыныпта оқитын 2716 оқушысы «Жас қыран», 5-10 сыныптағы 2241 оқушы «Nur Otan» партиясы жанындағы Республикалық «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымдары қалалық, облыстық деңгейдегі тәрбиенің негізгі мақсаты патриоттық тәрбие беру, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және насихаттау болып табылатын іс-шараларға белсене қатысты. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымымен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп жас ұрпақтың бойында адамгершілік, ұлттық дәстүрге негізделген маңызды рухани-имандылық және әлеуметтік құндылық ретінде азаматтылықты, патриотизмді дамытуға бағытталған жұмыстарды жүргізді.

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті  мектеп ортасында қалыптастыру мақсатында  Жезқазған қаласының 19 күндізгі, 1 кешкі  жалпы орта білім беретін  мектебінде   «Адал  ұрпақ» клубтары жұмыс  атқарады. Сонымен қатар, 12 жалпы білім беретін мектептерде «Парасаттылық бұрышы» ұйымдастырылып, іс-шараларға  басшылық жасау сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлерге жүктелді.

2019 жылдың 3 қазаны күні барлық қала мектептерінде «Эко Сағат» ауқымды акциясына 2450 оқушы, 100 ата-ана, 50 мұғалім қатысып, 750 ағаштар отырғызылды.

Бүгінгі күні Жезқазған қаласында 2 қосымша білім беретін мекемелерінде:

-Балалар өнер мектебінде 12 бағыт бойынша 722 жасөспірімдер дәріс алуда;

- Балалар мен жасөспірімдер сарайындағы 65 үйірмелерінде  2753 бала қосымша білім берумен қамтылған.

2019 жылдың 6 қарашасында Балалар мен жасөспірімдер сарайының жанында шығармашылық дамыту орталығы ашылды. Бұл орталықта «Туризм және өлкетану», «Экологтар мен техникалық бағыты» «Сәндік-қолданбалы өнер» бөлімдерінің үйірмелері жұмыс істейді, барлығы 26 үйірмеде 700 бала қамтылған. 

Сонымен қатар,  Жезқазған қаласының 19 мектебінде 391 үйірмелермен  8299  жасөспірімдер қамтылса, 173 спорттық  секцияларға  3362 бала тартылды.

2019 жылдың қазанынан бастап 14 жалпы білім беретін мектептерде «Жас Сарбаз» клубтары ашылып, 270 бала мүшелікке тартылды. 2020 жылдың қаңтарынын бастап Қ.Сатпаев атындағы №7 мектеп-лицейінде 25 оқушысы бар бір «Жас Сарбаз» сыныбы ашылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Террористік белсенділік аймақтарынан келген Қазақстан Республикасының азаматтарын қайта бейімдеу және оңалту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған  Жол картасы бойынша Жезқазған қаласына «Жусан-1,2,3» операциясымен 5 ана, 8 баласымен қайта бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылып, жүйелі жұмыс атқарылды.

   2019 жылдың желтоқсан айының 25-інде «Тұран»  мейрамханасында әкімнің шыршасы өткізіледі (Анықтама: 100 бала қамтылған 1-7 сынып оқушылары үшін сағат 11-де, ал 17.00 –де 100 бала қамтылған 8-11 сынып оқушылары үшін).

  Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында барлық білім беру ұйымдарында  100% бейнебақылау орналастырылды (Анықтама: 1162 бейнебақылау, оның ішінде бөбекжайларда-491,  мектептерде-604,  қосымша білім ұйымдарында-67. Сыртқы бейнебақылау-416, оның ішінде- бөбекжайларда-148,  мектептерде-236,  қосымша білім ұйымдарында-32. Дабыл кнопкасы-32, оның ішінде- бөбекжайларда-14,  мектептерде-15,  қосымша білім ұйымдарында-2).

2020 жылға жоспары:

Жаңартылған білім беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

        2020 жылға арналған Бюджет 7 млрд.306 млн.теңге сомасында көзделген, бұл 2019 жылға қарағанда 644,0 млн.теңгеге артық.

Алдағы жылы Кеңгір ауылындағы № 3 ОМ және № 2 ОМ 430,9 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылады.

Білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізуге 373,4 млн. теңге сомасында қаражат көзделген:

- №5 сәбилер бақшасының терезе блоктарын ауыстыру бойынша;

- №9, № 12, № 15 балабақшалардың терезе блоктары мен шатырларын ауыстыру;

- №2, №3, № 11 балабақша шатырын ауыстыру;

- №4 ОМ терезелерін ауыстыру бойынша күрделі жөндеу;

- №8 қазақ гимназиясының қоршауын күрделі жөндеу.

       Облыстық бюджеттен 336,0 млн. теңге сомасында шығыстар қарастырылған:

- №26 ОМ ғимаратын күрделі жөндеу;

- №21 ОМ ғимаратын күрделі жөндеу.

      Жалпыға міндетті оқу қоры 159,5 млн. теңгені немесе мектептерді ұстауға жұмсалатын ағымдағы шығындардың 3,9% - ын құрайды:

- аз қамтылған отбасынан 1490 оқушыны тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге-93,3 млн. теңге;

- жазғы сауықтыру мен демалуға (мектеп жанындағы лагерь) 2000 бала жетсе-21,5 млн .теңге.

- аз қамтылған отбасынан шыққан 1490 балаға мектеп формасын сатып алуға-44 млн. 700 мың теңге. қарастырылды.

Документы
Хаттама
14 ноября 2024
Ұлытау облысы білім басқармасының "Жезқазған қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
АҒЫЛШЫН ТІЛІ 5 СЫНЫПТАР
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы