Бұқар жырау ауданының білім бөлімі” ММ аудандық полиция инспекторларымен «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ботақара кентіндегі Ю.Гагарин атындағы мектептің оқушыларымен және С.Торайғыров ТМ(РО) оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында полицейлер оқушыларға нашақорлықтың зияны, лудомания, буллинг, кибербуллинг және түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.