Бұқар жырау ауданында 5–11 сынып оқушылары арасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» атты аудандық байқаудың іріктеу кезеңі өтті. ✨ Байқаудың мақсаты – Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 📖 Байқауға 19 мектептен 40-қа жуық оқушы қатысып, өздерінің білімін, өнері мен дарынын көрсетті. Үздік шыққан оқушылар жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/DQBz_kIiARZ/?igsh=ZnRhYjZrZzRlbzJt

Дата публикации
21 октября 2025