«Бұқар жырау ауданы білім бөлімі» ММ-нің басшысы Ерқанат Саятұлы Ермек ағымдағы жылдың 10 қазанында ауданның білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеттерімен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Мектеп пен отбасы: адал әрі жауапты азаматты тәрбиелеудегі ынтымақтастық» тақырыбында ата-аналар комитетінің отырысын өткізді. Жиынның максаты - мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара байланысын нығайту, окушыларды адалдыққа, жауапкершілікке және белсенді азаматтық ұстанымда тәрбиелеуде бірлесіп жұмыс атқару. Аудан бойынша жиналысқа барлығы-235 ата-ана, 67-педагог, 98-сынып жетекші қатысты.

https://www.instagram.com/p/DPofuyDDBm9/?igsh=aXhycDE2M3hvdGN2

Дата публикации
21 октября 2025