2025 жылы 22 тамыз күні Бұқар жырау ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесң өтті. Биылғы кеңестің тақырыбы - «Білім келешегі: Адал азамат - кәсіби маман». Жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын бұл маңызды іс-шара - білім саласындағы басты оқиғалардың бірі. Конференция жұмысына Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Бейсенбайұлы Құсайын Қарағанды облысы білім басқармасы «Педагогтердің қызметін дамыту бөлімінің» басшысы Жанат Амангелдіқызы Жумагелдина, Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы Бақыткүл Хималдинқызы Әбдікерова, “Өрлеу” Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы филиалының директоры Мейрамгүл Асылбекқызы Жетпісбаева, Қарағанды облысы білім басқармасы «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерқанат Саятұлы Ермек, мектеп басшылары мен педагогтер катысты. Конференция пленарлық отырыспен басталды, онда ауданның білім саласында атқарылған жұмыстары қорытындыланып, алдағы мақсат- міндеттер айқындалды. Үздік педагогтер мен мектеп басшыларына салтанатты марапаттар табысталды. Бұл- ұстаздардың тынымсыз еңбегі мен кәсіби шеберлігінің жоғары бағалануы. Пленарлық, бөлімнен кейін секциялық, жұмыстар ұйымдастырылып, пән бірлестіктері бойынша тәжірибе алмасу, жаңартылған білім беру мазмұны, инклюзивті білім беру, тәрбие жұмысының жаңа тәсілдері бойынша маңызды маселелер қаралды. Тамыз конференциясы - тек есеп беру емес, болашақты жоспарлау алаңы. Жаңа оқу жылының табысты басталуына серпін беретін, бірлік пен кәсіби ынтымақтастықтың көрінісі.

       

 

https://www.instagram.com/reel/DNs5Wqg0Gz0/?igsh=ODFweTA0cXA2N3dz

https://www.instagram.com/reel/DNqfBssMzwH/?igsh=MW0wNGJ0dmFubGZzMQ==

Дата публикации
26 августа 2025