«Жайдарман» ойындарының облыстық мектеп лигасы ерекше әрі көңілді өтті. Облысымыздың түкпір-түкпірінен келген әзіл-сықақ командалары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерді күлкіге бөледі. Қатысушылар арасында достық, бәсекелестік пен шығармашылық жарқын көрініс тапты. Ұйымдастырушылар мен көрермендердің айтуынша, бұл жолғы мектеп лигасы жақсы деңгейде өткен және әзілдің шекарасы кеңейтілген. Жайдарман ойынына ең мықты деген облыстың 13 командасы шықты. Олар: Топ жарған, Fly Көкпекті, BB әзілкештер, Қырмызы қыздар, Бір үйдің балалары ,Көз тимесін,Теректі Еркелері,Joketok, Hollywood,Q-lights, Жаңа сити, Coco Chanel, Торайғыр, Ойында әр команда өздерінің ең мықты әзілдерімен сахнада шығып, көрермендердің көңілін көтерді. Тақырыптық әзілдер мен импровизациялар, сондай-ақ түрлі көңілді сын-тегеуріндер командалардың шыңдалған өнерін көрсетті. Бұл ойын көптеген әзілкештердің және жанкүйерлердің есінде ұзақ сақталатын оқиға болды. Биылғы жайдарман ойынының әділ-қазы алқалардың шешімі ерекше болды. 1-ші орынға ие болған «Қырмызы қыздары» 150 000 теңгені қалжығаларына салды. 2-ші орынды «Торайғыр»иеленді.Олар 100 000 тенгені ұтып алды.Ал 3-ші орынды «Теректі Еркелері »командасы алып, 50 000 тенге жүлдесіне ие болды. Үздік ойыншы номинациясын Joketok командасының ойыншысы Мәнерхан Бөкейхан,ал үздік капитан марапатын Айару Ерланқызы иеленді. Жалпы, «Жайдарман» ойындары-тек қана күлкі мен ойын емес, сонымен қатар жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған үлкен алаң. Ойынның әрбір кезеңі жаңа жаңалықтар мен қызықты сәттерге толы болды, ал ойын соңында жеңімпаздар мен жеңілгендер шын жүректен құттықталып, жақсы көңіл-күймен тарасты.

https://www.instagram.com/reel/DFvRuDmMsor/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Дата публикации
07 февраля 2025