Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің “Баршаға қолжетімді, сапалы білім” ұлттық баяндамасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы аясында 2025 жылдың 28 қаңтарында “Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ” КММ құзіреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес “Тасшоқы НМ” КММ базалық мектебінде “Сабақтағы жалпы ұлттық құндылықтар” тақырыбы бойынша семинар өткізілді. 💥Семинарға Бұқар жырау аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бақтықыз Тұрсынбекқызы, әдіскер Айымгүл Қайырбекқызы және “С.Торайғыров атындағы Өсу Нүктелері ресурстық Орталығы” мен базалық мектеп мұғалімдері қатысты. Семинар барысында өткізілген ашық сабақтар, “ Ұлттық құндылық- халық әнінде” екі ән жұлдыз байқауы және “Ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңірудегі әдіс- тәсілдер” шеберлік сабағы жоғары деңгейде өтті. ‼️Мектеп әкімшілігі мен ұжымына шығармашылық табыстар мен әрқашан да еңбектеріне сәттілік тілейміз!