Бұқар жырау ауданы жастарының жан-жақты шығармашылық қабілетін дамыту, олардың бойына отаншылдық сезімді оята отырып, белсенді азамат етіп тәрбиелеу мақсатында "Жемқорлықпен күрес" тақырыбында 2024 жылғы 20 қараша мен 5 желтоқсан аралығында аймақтық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында жайдарман ойындары өткізілді. Жайдарман ойындарына Бұқар жырау ауданының ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа білім беру ұйымдарының оқушылары мен белсенділері белсене қатысты.Әділ қазылар алқасының шешіміне сәйкес, жарыс жеңімпаздары I, II, III орындар және номинациялар бойынша арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталынды.

Дата публикации
14 января 2025