23.09.2024 жылы Бұқар жырау ауданы «Руханият» ҚББО-Юнеско Клубында Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО Клубтары Федерациясы және Өзбекстан Республикасы білім беру ұйымдары басшыларының делегациясы арасында қосымша білім беру саласын дамыту, шығармашыл білімді ұрпақ тәрбиелеуде тәжірибе алмасу мақсатында «ЮНЕСКО Клубтарының халықаралық ынтымақтастығын нығайту, тәжірибе алмасу» атты халықаралық семинары өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Қарағанды облысы бойынша аймақтық өкілдігі Мажитов Марат Капенович, Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының жетекшілері мен хатшылары, Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысы мектепке дейінгі және мектепке дейінгі білім беру басқармасының білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын үйлестіру және мектептен тыс тәрбиені ұйымдастыру бөлімінің басшысы- Олимов Акмал Ахматович бастаған Өзбекстан Республикасы білім беру ұйымдары басшыларының делигациясы, Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің әдіскерлері қатысты. Семинардың бірінші бөлімінде бекітілген бағдарламаға сәйкес әр педагог шебер сағаттар мен практикумдар көрсетіп, тәжірбиелерімен бөлісті. Екінші бөлімінде «Ұлы дала мұрасы» атты концерттік бағдарлама көрсетілді. Келген қонақтарымызға оқушыларымыз бен ұстаздарымыздың қолынан шыққан естелік сыйлықтар табысталып, алғыс-тілектер білдірілді. Семинарға қатысушылар ұстаздар еңбегін жоғары бағалар, оқушыларымыздың өнерлеріне тәнті болып қайтты.

Дата публикации
09 января 2025