30 сәуір күні қала және ауыл оқушылары арасындағы өзара іс-әрекетті нығайтатын "Достық көпірі" іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны Қарағанды облысы білім басқармасы "Сарыарқа дарыны" АҒПО, Бала құқығын қорғау уәкілетті органы мен Бұқар жырау ауданының білім бөлімі ұйымдастырды. Жоба аясының бірінші бөлімінде орта буын (5-6-7-8 сыныптар) оқушыларына спектакль қойылымы мен мектеп мұражайына саяхаттар және жоғарғы буын оқушыларына форум-театр жүргізілді. Екінші бөлімінде оқушылар үшін облыстық өлкетану мұражайына, хайуанаттар бағына саяхат жұмыстары ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/p/C6X0G1lo7hy/?igsh=M2FtNWcyNzYyMjVx

Дата публикации
30 апреля 2024