2024 жылғы 28 наурызда “Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ, «Бұқар жырау ауданының Полиция басқармасының ювеналдық полиция» қызметкерлерімен бірлесе отырып, кәмелетке толмағандар жиналатын ойын алаңдарында, ойын-сауық орталықтарында олармен жасалатын құқық бұзушылықтың алдын-алу мен қадағалаусыз қалған жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді. Құрметті ата-аналар! Баланың түнгі уақытта болатын жері – оның үйі. Бұл ең алдымен балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Балаларға қамқор болыңыздар, балалар біздің болашағымыз.

    

Дата публикации
01 апреля 2024