15 Наурыз 2024 жыл Қайырымдылық күні.

Наурыз мейрамын тойлаудың жаңартылған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының қолдауымен "Жаздық жолдама-2024" – қайырымдылық жобасы аясында 15 наурыз күні Бұқар жырау ауданының 42 білім беру ұйымдарында жазғы демалысқа жолдама сертификаттарын тапсыру салтанатты іс-шаралары өтті .
"Жаздық жолдама – 2024 " жобасы жазғы каникул кезінде 5-8 сыныптардан 180 оқушы үшін зияткерлік және шығармашылық даму демалыстары қамтамасыз етіледі.
Бұл қайырымдылық жобасы оқуда үздік көрсеткіштерге ие (үлгерімі және пәндік олимпиадаларға, пікірталастарға қатысуы) және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.
Жазғы демалысқа жолдама сертификаттарын тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар ауданның барлық ауылдық округ әкімдері мен мектеп басшыларының қатысуымен өтті.
@qazaqstanhalqyna
@oqu_agartu_ministrligi
#наурыз2024
#оқуағартуминистрі
#қазақстанхалқына

Дата публикации
15 марта 2024