2024 жылы 14 ақпан күні Серік Ельгизеков атындағы негізгі орта мектебінде тәрбие ісі бойынша семинар өтті. Мақсаты: қазақ халқының бала тәрбиесіндегі рухани байлығын оқу тәрбие үдерісіне енгізу және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Міндеті: мектептер арасында шығармашылық тығыз қарым қатынас орнату, өзара тәжірибе алмасу. Семинарды салтанатты түрде мектеп мәжіліс залында директор А.С. Мусина ашты.Семинар психологиялық ахуалды орнатудан басталып, қатысушылардың қызығушылықтарын оятты. Психолог Трусова С.Ю психологиялық ахуал өткізіп, қонақтар ашық сынып сағаттарға қатысты. Семинар бағдарламасында «Серік Ельгизеков сарбаз - жерлесіміз»/ Сайфулова М.Ж., Сарсекеева Ш.М./ « Семейное воспитание" / Бейсенбаева А.Т., Мамытова Ә.Е., «Мы славим тебя,Караганда!» / Бапашова А.М./ - сынып сағаттары, « Даналық мектебі» балауыз мүсіндерінің көрмесі / Рахимбекова Р.О., Конырова А.К., Мұстафина А.К., «Туады ерлер ел үшін!» - ерлік сабағы / Шулембай Т.А./ « Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі!» - көрініс пен концерт /Кабдуллина Б.К., Муздрапова Б.Ж./.Семинарға Заречный орта мектебінің және Ақжар орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары және мұғалімдері , Үштөбе ауылдық округінің әкімі Копбаева Ә.К. қатысты. Кері байланыс жүргізу барысында семинар қонақтары әр жұмысқа өздерінің пікірлерін білдіре отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Семинар «өте жақсы» деп қорытындыланды.

2024 жылы 14 ақпан күні  Серік Ельгизеков атындағы негізгі орта мектебінде  тәрбие ісі бойынша семинар өтті. Мақсаты: қазақ халқының бала тәрбиесіндегі рухани байлығын  оқу тәрбие үдерісіне енгізу және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Міндеті: мектептер   арасында шығармашылық тығыз қарым қатынас орнату, өзара тәжірибе алмасу. Семинарды  салтанатты түрде мектеп мәжіліс залында директор А.С. Мусина ашты.Семинар  психологиялық ахуалды орнатудан басталып,   қатысушылардың қызығушылықтарын оятты. Психолог Трусова С.Ю психологиялық ахуал өткізіп, қонақтар ашық сынып сағаттарға қатысты.

Семинар бағдарламасында «Серік Ельгизеков сарбаз - жерлесіміз»/ Сайфулова М.Ж., Сарсекеева Ш.М./ « Семейное воспитание" / Бейсенбаева А.Т., Мамытова Ә.Е., «Мы славим тебя,Караганда!» / Бапашова А.М./ - сынып сағаттары, « Даналық мектебі» балауыз мүсіндерінің көрмесі / Рахимбекова Р.О., Конырова А.К., Мұстафина А.К., «Туады ерлер ел үшін!» - ерлік сабағы / Шулембай Т.А./ « Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі!» - көрініс пен концерт /Кабдуллина Б.К., Муздрапова Б.Ж./.Семинарға Заречный орта мектебінің және Ақжар орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары және мұғалімдері , Үштөбе ауылдық округінің әкімі  Копбаева Ә.К. қатысты. Кері байланыс жүргізу барысында семинар қонақтары әр жұмысқа өздерінің пікірлерін білдіре отырып, жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Семинар «өте жақсы» деп қорытындыланды.  

 

Дата публикации
23 февраля 2024