Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында «Адал бол LIKE» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өткізілуде.
Аталған марафон аясында, аудандық "Адал ұрпақ" және "Саналы ұрпақ" слет бойынша "Дебат" ойын алаң байқауы өтті. Байқауда 🥇 орынды "Ә.Марғұлан ат. жалпы білім беретін мектебінің" оқушылары иеленді, 🥈 орынды "С.Торайғыров ат.ТМ" және 🥉 орындарды "Ю.Гагарин ат. жалпы білім беретін мектебі" мен" Ботақара жалпы білім беретін мектептері" бөлісті. Байқауға қатысқан командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!
