Патронаттық тәрбие

Патронат - қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган мен өз өтінішін білдірген адам жасасқан шарт бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны, баланы қамқорлыққа алу ниеті.
Патронаттық тәрбиенің басты артықшылығы – бала отбасылық ортаға енген кезде жан-жақты қамқорлық, махаббат пен көңіл бөлу, отбасында өмір сүру тәжірибесін, өз бетінше өмір сүру дағдыларын қалыптастырады. Бұл форма ата-анасының қамқорлығынсыз қалған көптеген балалардың болашақ тағдырын шынайы жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл форманың негізгі мақсаты - баланы әлеуметтендіру және отбасында өмір тәжірибесін алу.

Дата публикации
08 ноября 2023