Қарағанды облысы білім басқармасының "Бұқар жырау ауданының білім бөлімі" ММ (бұдан әрі-білім бөлімі) Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында орналасқан 200 орындық мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі ұйымдар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетіні туралы хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды мемлекеттік органның электрондық форматтағы электрондық поштасына жібереді.
Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.
Мектепке дейінгі ұйымдар өтініште жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама нөмірін көрсетеді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 56а мекенжайы бойынша кеңсеге немесе «Е – otinish» - ке ұсынылады.
Құжаттарды қабылдау 07 қараша сағат 10.00 – ден 10 қараша сағат 10.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар 2023 жылғы "13" қараша сағат 15.00-де Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Бұқар жырау көшесі, 56а мекенжайы бойынша қаралады.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
872154 (2-16-20)
ГУ "Отдел образования Бухар-Жырауского района" управления образования Карагандинской области (далее-отдел образования) объявляет о проведении конкурсной процедуры по формированию перечня дошкольных организаций для размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение на 200 мест, расположенных в Бухар-Жырауском районе Карагандинской области.
Прием документов осуществляется в течение 3 (трех) рабочих дней с момента размещения объявления о проведении конкурсных процедур.
Дошкольные организации направляют документы, подписанные руководителем и заверенные печатью, на электронную почту государственного органа в электронном формате.
Перечень необходимых документов, определен в Правилах размещения государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, среднее образование, дополнительное образование детей и на подготовку кадров с техническим и профессиональным, после средним образованием с учетом потребностей рынка труда, утвержденных приказом министерства просвещения РК №381 от 27 августа 2022 года.
Дошкольные организации указывают в заявлении номер справки о зарегистрированных правах (обременениях) на недвижимое имущество и его технических характеристиках.
Документы для участия в конкурсе представляются по адресу: Карагандинская область, Бухар – жырауский район, п.Ботакара, ул. Бухар – Жырау , д. 56А в канцелярию или «Е – otinish».
Прием документов осуществляется с 10.00 часов 07 ноября до 10.00 часов 10 ноября.
Документы на участие в конкурсе будут рассматривать «13» ноября 2023 года в 15.00 часов по адресу: Карагандинская область, Бухар – жырауский район, п.Ботакара, ул. Бухар – Жырау , д. 56А
Дополнительную информацию можно получить по телефону: 872154 (2-16-20)