«Балабақшадағы ұлттық құндылық – тәрбие негізі» қалалық семинар-практикум

«Балабақшадағы ұлттық құндылық – тәрбие негізі» қалалық семинар-практикум

2025 жылдың 14 наурызында «Ақбота» бөбекжай-балабақшасында қалалық мобильді топ мүшелерінің қатысуымен қалалық семинар-практикум өтті. Тақырыбы: «Балабақшадағы ұлттық құндылық – тәрбие негізі». Семинарға мектепке дейінгі ұйымдардың 38 педагог-әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Семинардың негізгі бағыты «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы мен өңірлік Жол картасы жобаларын жүзеге асыру. Семинарға қатысушылар қазақ халқының ұлттық мақтаныштары қолданылған халық өнері, дидактикалық және танымдық ойындар көрмесін тамашалады; бес топта ұйымдастырылған оқу іс-шаралары, сонымен қатар шеберлік сыныптары («Әкелер мектебі» және «Аналар мектебі» іс-шаралары) «Ақбота» балабақшасының педагогтары мен ата-аналарымен көрсетілді. Тәрбиенушілер мен семинардың барлық қатысушылары «Наурыз» әнін жанды дауыста орындауға «Көрісу» рәсімін жасады.